Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 9страница 10страница 11страница 12страница 13 ... страница 15страница 16

4 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАЗМҰНДАМА МЕН ШЫҒАРМА ЖҰМЫСТАРЫНАН ЖІБЕРГЕН ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұндама мен шығарманың түпкілікті мақсаты оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық қателіктерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Оқушылардың жіберген қателіктерін түзету екі түрлі жолмен жүргізіледі:

1. Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырмны орындауы мақсатымен бірте-бірте үйретіледі. Мысалы, оқушылар «Өзен жағасында» сурет бойынша шығарма жазып болған соң, мұғалім балаларға тақтадағы сұрақтарды оқытады. Содан соң: «Осы сұраққа қайтарған жауабың дұрыс па, түсінікті ме, толық па – осыны ескеріп, бірінші сұраққа жазған жауабыңды есіңе түсір», - дейді.

Осы әдіспен қалған сұрақтарға берген (жазған) жауабын да қайталатады. Содан кейін: «Жазған әңгімеңді (айтқан әңгімеңді) енді тақтадағы сұрақтарға қарамай, өзің басынан аяғына дейін тұтас оқып (қайталап айт) шық. Одан не жөнінде жазып отырғаныңды байқа. Бір сөзді бірнеше рет қайталаған жоқсың ба, соны аңғар»,- деп, екінші рет оқытады.

Үшіншіде «Жазғаныңда қате жоқ па, әр сөйлемнен кейін тыныс белгісін дұрыс қойдың ба, «орманға» сөзінде «н»-ның орнына «ң», ойнадым сөзінде «й»-дің орнына «и» т.б. жазып қойған жоқсың ба – осыларды байқап, жақсылап, асықпай, бір рет оқып шық, - деді.

Сөйтіп, жазып болған балалар осындай нақты тапсырма алып, жұмыс жасай береді. Бірте-бірте балаларға: «өз жұмысыңды оқығанда басқа біреудің жұмысын оқып отырғандай сезін. Сен болсаң, ол сөйлемді қалай құрастырар едің? Қалай жазар едің?» деген сияқты тапсырмалар беріледі.

2. Балалар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты мұғалім оқушылар шығарманы түзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысын бірі тексеруге, яғни қызыл сиямен мұғалім болып жұмыстың қатесін тауып түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескертілетін жай кей баланың дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате түзетіп қоюынан сақ болған жөн. Ол үшін мұғалім оқушылардың жұмысты жөндеулері барысында көз жіберіп қарап жүреді, қажетті жерінде көмек береді, оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып, қате екеніне көз жеткенде ғана жөндеу керектігі ескертіледі. Жұмыстарға көз жүгіртіп қарап жүргенде бір қате үш-төрт балада кездескен болса, сол сөзді жөндеп жатқан баладан не себепті жөндегені сұралады. Жұмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бірінің қатесін түзетіп болған соң дәптерлерін мұғалім жинап алып кетеді, балалардың түзеткендерінің дұрыс қателігін қарайды, баға қояды.

Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың екінші амалы – ол жұмыстарға толық талдау жасау. – Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателермен танысады, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң ондағы қателерді топ-топқа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап қатені талдау сабағы да осыған орай ұйымдастырылады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, («көктем шыға бастады. Су аға бастады» т.б.) сөйлем қайталанған сөздермен тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзейді. Басқа балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса, түзетеді. Жұмысының түзелген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.

Оқушылардың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5-7 минутын мұғалім жазылған жұмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кей балалардың жетістігі, тәуір жазылған жұмыстардың біреуі тұтас оқылып әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мұғалім әр жұмыстың жақсы жазылған жерлерінен үзінді оқиды. Мысалы, бір жұмыстың мазмұнының түсініктілігі, екінші бір оқушының ойы жүйелі түрде баяндалғандығы, сол жұмыстардың нашар жақтары айтылады. Мұнда да мұғалім кей жұмыстардан мысал келтіреді. Содан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойған сөйлемдер мен жұмыс басталады. Оқушылардың өз қателерін байқауға және оның дұрыстығына көз жаттықтырып екіншілей ол сөздерді қате жібермеуге қайта көшіріп жазудың пайдасы көп. Ал оқушылар шартты белгілер қоюға ІІІ сыныптың алғашқы кезеңінен бастап үйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады, балалар бұл белгіге әбден үйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні түсіндіріледі. Белгілер осылайша бірте-бірте меңгеріледі.

Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы – қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады. Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.

Оқушылардың жазу жұмыстарында кезесетін қателерді болдырмау жолындағы жұмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, үзбей жүргізіп отырмаса, ол қателер жалғаса береді де, балаларда стереотип жасалады, яғни ми қабығында берік шартты рефлекстер жүйесі орнығады. Сол себепті кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды. Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі: 1) шығарма жазған оқушылардың саны, 2) тақырыпты дұрыс ашып көрсеткен және орфографиялық қате жібермеген оқушылар саны, 3) жұмысты мазмұнды жағынан нашар орындаған оқушылар саны, а) жоспардың бірде-бір пункті ашылмаған, ә) жоспар түгел қамтылмаған, 4) стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны: а) сөйлемдегі сөздердің тәртібі бұзылған; ә) бір сөзді қатар келген сөйлемдерде бірнеше рет қайталайды. б) сөз орынды қолданылмаған, в) сөйлемдегі сөздердің байланысы нашар, 5) орфографиялық, пунктуациялық қате жіберген оқушылар саны (әсіресе қандай ереже бойынша көп қате жіберген, көпшілініне тән жекелеген қателерді жазып көрсету керек).
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бастауыш мектеп оқушыларының мазмұндамалары мен шығармаларындағы қателерді болдырмау шаралары қандай?

2. III, IV сынып оқушыларының шығармаларын мазмұны, құрылысы, тілі жағынан талдаңыз.

3. Мазмұндама мен шығармаға үйрету үшін, құралдар мен дидактикалық материалдар іріктеп алыңыз.

4. Оқушыларды мазмұндама немесе шығарма жазуға дайындайтын бір сабаққа қатысып, талдау жасаңыз.

5. Шығарма жүргізу үшін тақырыптар жасаңыз.


5 ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Сауат ашу кезеңіне байланысты көрсетілген әдебиеттер әдістемелік тұрғыда жазылғандықтан (оқулықтардан басқалары) барлық тарауларға да қатысты. Әдістеменің әрбір тарауы жеке өз алдына зерттеу нысанына айналып, (әсіресе қазақ мектептерінде) арнайы шығарған еңбектердің мардымсыз болғандықтан, олардың барлығын топтап, осы тақырыпқа беруді жөн көрдік. Сондықтан осында көрсетілген кітаптар да әдістеменің барлық бөлімдеріне қатысты мәселелерді қамтитын еңбектер болып табылады. Алдымен «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру» (М.Жазбаев; А.Асқарбаева, С.Рахметова, Алматы, 1975) кітабын атауға тура келеді. Мұнда азды-көпті, мақала деңгейінде, сауат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ақ грамматика: жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Жалпы «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» туралы мәлімет беретін алғашқы еңбектердің бірі, белгілі әдіскер Ш.Сарыбаевтың еңбегі (Алматы 1959), сондай-ақ әдіскер ғалымдар Ы.Маманов, Д. Әлімжановтардың «Қазақ тілін оқыту методикасын» (Алматы 1965) атауға болады. Сонымен қатар бастауыш сыныптағы ана тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз: И.Қ.Ұйқыбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері, Алматы, 1962 Х.Арғынов, Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы, 1964. Х.Арғынов. Ғ.Сүлейменов, ана тілін оқыту жөніндегі ІІ клас мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1962. С.Рахметова, ана тілін оқыту жөніндегі ІІІ класс мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Алматы, 1971. Қ.Аймағамбетова, Қ.Бозжанова, ана тілін оқыту жөніндегі І класс мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы, 1970. Р.Әміров, І класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар, Алматы, 1957. С.Рахметова, Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Алматы, 1978. Бірнеше жинақтар бар: І кластағы оқыту, Алматы, 1977, ІІ кластағы оқыту, Алматы, 1978. ІІІ кластағы оқыту, Алматы, 1979. Бастауыш мектеп методикасы, Алматы, 1987. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі шыққан әдебиеттердің жалпы жинағын, Ш.Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» 1, 2, 3 кітаптарынан қарауға болады.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Практикалық және лабораториялық сабақтарға, студенттердің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар



  1. «Бастауыш мектеп» журналының соңғы 10 жылдағы сандарындағы «Сауат ашу әдістемесі» бөлімдерінің тақырыптарына арналған мақалалармен жұмыс істеп, картотека құру.

  2. Сауат ашуды оқытуға байланысты өзіндік тәжірибе мен мектептегі басқа мұғалімдердің тәжірибелерін алмастыру, сауат ашу кезеңін қорытындылап, талқылауға дайындалу.

  3. Сауат ашуды оқытудағы жаңа технологиялар. Технология - әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Технология мен әдістеменің ара жігін ашу.

  4. Жаңа грамматика-орфографиялық материалды түсіндіру сабағының үлгісін жасау.

  5. Дыбыстық талдау-жинақтаудың сауаттылыққа үйрету әдістемесінің қазіргі нұсқасының мінездемесі және оның жағдайының Әліппеге әсері.

  6. Сауат ашу кезеңінде балаларды оқуға дыбыстық талдау-жинақтау әдістемесінің жаңа нұсқасы бойынша оқыту.

  7. Талдау және жинақтау әдісінің сауат ашудың негізі ретіндегі байланысы, оның даму мағынасы.

  8. Сауат ашу кезеңіндегі оқу мен жазудың байланысы, оның балаларды алғашқа оқу мен жазуға үйрету тәжірибесіндегі көрінісі.

  9. Сауаттылыққа үйретудің әр түрлі кезеңдерінде тиімді жұмыс әдістерінің мінездемесі. Сауаттылыққа үйрету кезеңіндегі оқу және жазу сабақтарындағы талдаудың әр түрлі түрлері мен тірек сызбаларды қолданудың рөлі.

  10. Балаларды сауаттылыққа үйретудің әр түрлілігі және жұмыс ерекшеліктерінің оқу-әдістемелік кешеніне әсері. 1-сынып оқушыларын оқу мен жазуға үйрету процесін ұйымдастырудың кемшіліктері мен қиындықтары.

  11. Сауаттылыққа үйрету кезіндегі оқу және жазу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар және оларды тәжірибеде іс жүзіне асыру.

  12. Қазіргі сауаттылыққа үйретудің ұйымдастыру-әдістемелік жүйесін дамыту жолдары.

  13. «Бастауыш мектеп» журналындағы қазіргі мектептегі сауаттылыққа үйрету сабақтарын өткізу әдістемесі сұрақтары бойынша жарияланымдармен танысу.

  14. «Балаларды сауаттылыққа үйретудегі өз іс-тәжірибеңізде сіздерге қандай түзетулер енгізу керек деп ойлайсыз» леген тақырыпқа хабар дайындау.

  15. Орфография мен грамматиканы оқыту практикасының қиын мәселелері.

  16. Кіші жастағы оқушылардың орфографиялық ережелерді игеруге арналған жұмыстар түрі мен тиімді әдістері.

  17. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мақсаты. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемелік негізі, олардың басқа ғылымдармен байланысы.

  18. Қазақ тілін оқытудағы каллиграфиялық дағдыны дамыту әдістемесі.

  19. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен сыныптан тыс оқыту.

  20. Әліппенің ұсынылған бетіндегі әдебиеттік сабақ үлгісін құраңыз.

  21. Оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының басты ұстанымдарына сипаттама беріңіз.

  22. Дайындық кезеңіне әңгіме дайындаңыз (кіріспе әңгіме).

  23. Лексикалық жұмыс ұйымдастыру, оқушыларға түсініксіз сөздерді түсіндіретін әдісті көрсету.

  24. Грамматика-орфографиялық тақырыпта мысалға ұсынылған тапсырма жүйесін ашып, әрбір таңдауға сипаттама бер.

  25. Оқушының ұсынылған шығармашылық жұмысын жоспарлап, жазылған жұмыстың дамығандығын айқындаңыз.

  26. Әдістеме дегеніміз не?

  27. Қазақ тілі әдістемесі нені зерттейтін ғылым?

  28. Қазақ тілін ұғынудың заңдылықтары қандай?

  29. Қазақ тілін оқытуда қандай әдістемелік қағидаларды басшылыққа аламыз?

  30. Қазақ тілі педагогикалық оқу орындарында неліктен оқытылады?

  31. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

  32. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны қалай анықталады?

  33. Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасымен танысыңыздар; оның көлемі мен мазмұнын байқаңыздар және көшіріп алыңыздар.

  34. Бағдарламаның «Түсінік хатынан» бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту міндеттерімен танысыңыз.

  35. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі» және «Ана тілі» оқулықтарымен танысыңыздар.

  36. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?

  37. Дағды дегеніміз не?

  38. Дағдының іс-әрекетте атқаратын рөлін дәлелдеңіз.

  39. Дағдының қалыптасу процесінің кезеңдерін сипаттаңыз.

  40. Сауат ашу кезеңінде балаларда қалыптасатын шеберлік пен дағды туралы айтып беріңіз.

  41. Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін қалай пайдалануға болады (психологиядан алған білімдеріңмен ұштастырып айтып беріңіздер)?

  42. Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын қалай тәрбиелеу керек?

  43. Зейін, қабылдау, ойлау процестерін тәрбиелеуді қалай іске асыруға болатынын көрсететін (психологиядан алған білімдеріңді пайдалана отырып) бір сабақтың жоспарын жасаңыздар.

  44. Сабақтың түсінікті болуын қамтамасыз ететін негізгі талаптар қандай?

  45. Оқыта отырып, тәрбиелеу, дамыту дегенді қалай түсінесіздер, дәлелдеңіздер.

  46. Талдау-жинақтау әдісінің қалай жүргізілетінін айтып беріңіздер.

  47. Әліппеде суреттер берудегі мақсат қандай?

  48. Кесте әліппе не үшін қажет?

  49. «Жазу үлгісін» пайдалану жөнінде әңгімелеңіз.

  50. Дидактикалық материалдарды қалай пайдалануға болады?

  51. Карточкаларды пайдаланудың тиімді жолдары туралы айтыңыз.

  52. Дайындығы әр түрлі балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптері қандай?

  53. Дайындығы әр түрлі балалармен қандай жұмыстар жүргізуге болады?

  54. 1-сыныпта дайындығы әр түрлі балалармен өткізілетін бір сабақтың жоспарын жасаңыз.

  55. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының бір апталық жоспарын жасаңыз.

  56. Сауат ашу жұмысына қажетті фонетикалық мәліметті айтып беріңіз.

  57. Психикалық даму дегеніміз не және оқуға түскен алты жасар баланың психикалық ерекшеліктері қандай?

  58. Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар қандай?

  59. Талдау-жинақтау әдісі дегеніміз не, ол қалай жүргізіледі?

  60. Сауат ашу кезеңі нешеге бөлінеді? Атаңыз.

  61. Әліппе кезеңіне шолу жасаңыз.

  62. Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдерін сипаттаңыз.

  63. Әліппеден кейінгі кезеңдегі жұмыстардың мақсаты.

  64. Сауат ашу барысында қолданылатын қандай көрнекі құралдардың түрлерін білесіз.

  65. Әліппеде берілген суреттердің біреуімен таныстыру жоспарын жасаңыз (Мысалы, балалар ағаш кесті).

  66. Қандай да болмасын бір сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау үшін қоятын сұрақтарды жүйелеп жазыңыз.

  67. Әліппедегі бір мәтін бойынша жүргізілетін әңгіменің жоспарын жасаңыз.

  68. Әліппенің бір бетіне (ондағы берілген материалдардың оңай әлде қиындығы, дидактикалық талапқа сай келуі тұрғысынан т.б.) жасаңыз.

  69. Қандай да болмасын бір жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру сабағына арнап, көрнекі құралдар дайындаңыз.

  70. Дайындық кезеңіндегі және әліппе кезеңіндегі сабақтардың жоспарын жасаңыз (екі сабақ).

  71. Жазу сабағының жоспарын жасаңыз.

  72. Әліппеге талдау жасаңыз:

1) Әліппе қандай бөлімдерге бөлінеді, әр бөлімнің мақсаты мен мазмұны. 2) Әліппедегі әріптер мен буындардың орналасуы.

3) Әліппенің әр бетінің құрылысы: сурет, баған арқылы берілген сөздер, байланысты мәтіндер, жазу үшін берілген материалдар т. б.

4) Мәтіндер мен суреттердің тәрбиелік мәні.

73. «Әліппе серігіндегі» және сыныптан тыс оқу құралдарындағы сауат ашу, жазу, сыныптан тыс оқу сабақтарын жүргізу үшін берілген оқу материалдарын талдаңыз.

74. Әліппе беттерінен сөздік жүргізу үшін қажетті сөздерді іріктеп, оны қалай жүргізу керектігін түсіндіріңіз.

75. Мектептегі сауат ашу сабақтарына қатысып, талдау жасаңыз.

76. «Әліппемен қоштасу» мерекесінің толық жоспарын жасаңыз.

77. Оқудың бастауыш мектептегі маңызы жөнінде әңгімелеңіз.

78. Оқу сабақтары қандай мақсаттарды көздейді?

79. Оқу процесінде сүйенетін дидактикалық принциптер жөнінде айтыңыз.

80. Бастауыш мектеп бағдарламасымен танысыңыз. Бағдарлама бойынша сынып сайын оқуға қандай талаптар қойылады? Ондағы өзгерістер қандай?

81. Бағдарлама бойынша оқу сабақтарында оқушыларға берілетін білім, дағды, шеберлік қандай?

82. Сұрақтарға енген материалдардың тақырыбы мен мазмұны қандай?

83. Оқулықтағы материалдар қандай жүйемен оқытылады?

84. Оқулықтардағы материалдардың тағы қандай ерекшеліктері бар?

85. Бір оқулықтағы материалдарға күнтізбелік жоспар жасаңыз.

86. Оқудың қандай түрлері бар?

87. Оқудың түрлері қалай іске асады?

88. Оқуда қандай талаптар орындалады?

89. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айтыңыз.

90. Шапшаң оқу не үшін керек?

91. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?

92. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдыланады?

93. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?

94. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?

95. Оқулықтардан бір тақырыпты алып, оған қандай дайындық жұмысын жүргізуге болатынын белгілеңіз. Әңгімелесу сұрақтарын жасаңыз, көрнекі құралдар қарастырыңыз.

96. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмысының негізгі қағидалары қандай?

97. ІІ сыныптың оқу кітабынан кез келген бір бөлім бойынша жаңа сөздерді теріп алып, олардың ішінде бес-алтауына түсінік жазыңыз.

98. ІІІ сыныптың оқу кітабынан бір шығарманың тіліне талдау жасаңыз: қандай сөздерді оқуға дайындық кезінде қайсыларын оқу барысында, ал қайсыларын шығарманы оқып болғаннан кейін түсіндіруге болады? Оқушылардан сөздіка қорына енгізуге болатын қандай сөздер бар? т.б.

99. Шығарманы оқу үшін не керек, оны қалай ұйымдастырады?

100. Жоспар жасау жолдарын айтыңыз.

101. Мәтіннің мазмұнын айтқызу қалай өткізіледі? Бұл жұмыстың мақсаты не, оқулықтардан мысал келтіріңіз.

102. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңыз.

103. Оқулықтардан бір әңгімені алып, оның оқу жоспарын жасау, мазмұнын айту, қорытынды әңгіме өткізу жолдарын көрсетіңіз және сол әңгіме бойынша қандай шығармашылық жұмыс ұйымдастыруға болатынын айтыңыз.

104. Көркем шығармаларды оқытуға қандай талаптар қойылады?

105. Әңгімелерді оқыту арқылы «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбына реферат жазыңыз.

106. Ертегіні оқытуға байланысты істелетін жұмыстардың басты ерекшелігі қандай?

107. Мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту туралы айтыңдар.

108. И.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы аллегорияны қалай пайдаланар едіңіз?

109. Өз қалауыңыз бойынша ертегі, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар және мысалдарды оқытудың әрқайсысына біреуден – үш сабаққа конспект жазыңыз.

110. Өлең оқытудың қандай ерекшеліктері бар?

111. Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту туралы айтыңыз.

112. Оқу сабақтарында қандай көрнекі құралдар қолданылады?

113. Оқу кітаптарынан бір мақаланы таңдап алып, оны түсіндіру үшін қандай құралдарды, қалайша пайдалануға болатынын айтыңыз.

114. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты жөнінде айтыңыз.

115. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру жөнінде не білесіңдер?

116. Сыныптағы оқу мен сыныптан тыс оқуды салыстырыңыз, олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын айтыңыз.

117. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру барысында қандай әдістемелік ұсыныстарды ескерер едіңіз?

118. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, А.Асқарбаеваның сыныптан тыс оқуға арналған кітабын және балаларға арналған көркем шығармаларды пайдаланып, «Туған халқымыздың ерлігі» тақырыбына сыныптан тыс оқу сабағының конспектісін жазыңыз.

119. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс орындату қандай мақсат көздейді?

120. Балалардың өздігінен орындайтын жұмысының түрлері қандай?

121. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушыларға өздігінен орындауға қандай жұмыстар беруге болатынын анықтаңыз.

122. Дағдыны қандай жолдармен, қалай қалыптастыруға болады? Мұндағы мақсат не?

123. Бір сыныптың екі оқушысының бойында оқу сабақтарында қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасқанын зерттеңіз, өз көздеріңізге түскен кемістіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды жою жолдарын көрсетіңіз.

124. Оқу сабақтарының біреуінде іске асырылатын тәрбие жұмысының конспектісін жасап тапсырыңыз.

125. Бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығымен танысыңыз, оларды салыстырыңыз, құрылысы мен мазмұнын байқаңыз және осы бойынша реферат дайындаңыз.

126. Соңғы 2-3 жылғы «Бастауыш мектеп» журналында оқу сабағын ұйымдастыруға арналып жазылған мақалаларды оқыңыз, оның тізімін жасаңыз.

127. Өлең шығармаларының біреуіне көркемдік ерекшелігін ашатындай талдау жасаңыз және мәнерлеп оқуға дайындалыңыз.

128. Оқулықтардан бір тақырыпты таңдап алып, ол бойынша үйге берілетін нақты тапсырманы белгілеңіз.

129. Оқушылардың бойында оқу сабақтарында қандай-қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасады?

130. Мектепте «Ана тілі» сабақтарына қатысып, оған жан-жақты талдау жасаңыз.

131. Грамматиканы үйрету әдістемесі қандай ғылымдармен байланысты?

132. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қандай талаптар қойылады?

133. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болады?

134. Грамматика сабақтарында берілген ережелер мен ұғымдарға оқушылардың саналы түсінгендігіне бақылау жүргізіңіз.

135. Грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндеті қандай?

136. Бастауыш мектеп бағдарламасының «Қазақ тілі» бөлімін оқыңыз. Онда әр сыныпта грамматикадан берілетін білім көлемі мен мазмұнын анықтаңдар.

137. Бағдарламаның «Түсінік хатын» оқыңыз, онда грамматика сабақтарының қандай-қандай міндеттері мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленгенін айтыңыз.

138. Бастауыш мектептегі қолданылатын оқыту әдістері қандай?

139. Эвристикалық, проблемалық әдістерді қалай түсінесіз?

140. Аналитикалық-синтетикалық әдіспен үйрету деген не? Грамматикадан бір тақырыпты алып, осы әдіспен оны қалай үйретер едіңіз? Айтып беріңіз.

141. Индукция, дедукция деген не, олар грамматикада қалай қолданылады?

142. Оқулықтарда грамматикалық ережелер қалай берілген? Бұл сұраққа жауап беру үшін III-IV сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығындағы ережелермен танысыңыз.

143. Грамматикалық материалдар қалай пайдаланылады?

144. Бір сөз табының анықтамасын мысалға келтіріп, қандай бөліктерден тұратынына талдау жасаңыз.

145. Бір категория бойынша қандай түсінік берер едіңіз, мысалмен дәлелдеп айтып беріңіз.

146. Оқушылар материалды саналы түсіну үшін мұғалім қандай талаптар қояды?

147. Оқушыларға грамматикадан саналы білім беріп, қажетті дағды қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы қандай?

148. Жаттығудың қандай түрлері бар?

149. Жаттығудың әр түріне сипаттама беріңіз.

150. Жаттығу жұмыстарына қандай талаптар қойылады?

151. Жаттығу кездейсоқ болмай, жүйелі орындатылуы керек дегенді қалай түсінесіз?

152. Грамматикалық талдаудың түрлері қандай?

153. Грамматикалық талдаудың әрқайсысына сипаттама беріңіз.

154. Граммматикалық талдауға қандай талаптар қойылады?

155. Схемаларды пайдаланып, түрлі талдау жүргізіңіз.

156. Бағдарлама бойынша III-IV сыныптарда сөз табы, сөз құрамы жағынан талдау жүргізетін материалдар дайындаңыз.

157. Белгілі бір мәтін бойынша ішінара және толық талдау жасап көрсетіңіз.

158. Сабақтың қандай түрлері болады? Олардың әр түрін сипаттап беріңіз.


<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді

3248.32kb.

25 12 2014
16 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.73kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.7kb.

15 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына

57.69kb.

23 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы

В020500-«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Қазақ халық ауыз әдебиеті»

313.1kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақ тілін халықаралық мектепте «екінші тіл» ретінде оқыту мәселелері Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінің бір көрінісі – «Н. Назарбаев Білім қоры»

Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе

102.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған

94.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетінен арнаулы курс» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

76.48kb.

25 12 2014
1 стр.