159. Біріккен сабақ дегеніміз қандай сабақ?
160. Әр сабақтың түріне жоспар жасаңыз.
161. Сабаққа қандай дидактикалық талаптар қойылады?
162. Осы талаптарды басшылыққа алып, грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша өтілетін бір сабаққа талдау жасаңыз.
163. Шағын кешенді мектепте өтілетін сабақтардың ерекшеліктері қандай?
164. Көрнекілік дегеніміз не, оны грамматика сабақтарында қалай пайдаланылады?
165. Бір тақырыпқа таблица жасаңыз, оны сабақта қолдану тәсілін түсіндіріп беріңіз.
166. Қолдан жасалған көрнекі құралдарға қандай талаптар қойылады?
167. Сынып тақтасы мен дәптерлер көрнекі құралдар ретінде қалай пайдаланылады?
168. Зат есім тақырыбына көрнекі құралдар жасаңыз.
169. Грамматика әдістемесінің ғылыми негізі қандай?
170. Грамматиканы оқу не үшін керек?
171. Бастауыш сыныпқа арналған грамматиканы оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін атаңыз.
172. Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығу жұмыстарын оның типтері мен түрлеріне қарай талдау жасаңыз.
173. Осы тарау бойынша балалардың білімдерін, дағдысы мен шеберліктерін қорытып, жүйелеңіз.
174. Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайларды айтып беріңіз.
175. Сауатты жазудың грамматикамен байланысты екеніне мысал келтіріп дәлелдеңдер.
176. Сауатты жазуға жету үшін грамматикалық білімдерден басқа қандай шарттар орындалуы керек?
177. Сауаттылыққа үйретуде ой операцияларын іске асырудың маңызы қандай? Қабылдаулар мен елестердің ролі жөнінде не айтар едің?
178. Дұрыс жазуға үйренуде орфографиялық қағида мен алфавитті білудің пайдасы қандай?
179. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету жағдайларын атап айт, олардың әрқайсысына мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.
180. Орфограмманы түсіндіру тәсілдерін көрсетіңіз. Бұл үшін бір ережені мысалға алып, сол арқылы түсіндіріңіз.
181. Орфографиялық жаттығуларыдың түрлері қандай? Олар қалай жүргізіледі?
182. Орфографиялық жаттығулардың барлық түрін қалайша жинақтап, топтар едіңіз?
183. Диктанттың қандай түрлері бар?
184. Жаттығу жұмыстарын қандай жүйемен жүргізуге болады?
185. Жаттығу материалдарын таңдауға қойылатын талаптар қандай?
186. I, II, III, IV сынып оқулықтарындағы орфографиялық жаттығулар қалай жүйеленген? Оларға, сіздің пікіріңізше, қандай өзгерістер енгізуге болар еді?
187. I, II, III, IV сынып оқулықтарындағы орфографиялық жаттығу материалдары қалай талданғанын байқаңыз.
188. Мектепте жазу сабақтарына қатысып, оны талдаңыз.
189. Оқушылардың орфографиялық қателерін есепке алудың тиімді жолдарын көрсетіңіз.
190. Бір сыныптағы оқушылардың қате жіберу себебін талдаңыз, олармен қандай жұмыстар ұйымдастыруға болады?
191. Қатені түзету жолдары қандай?
192. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?
193. Тіл дамыту жұмысының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері жөнінде айтыңыз.
194. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін көрсетіңіз.
195. Психологиялық педагогикалық және лингвистикалық деректерге сүйене отырып, тіл дамыту жөнінде қандай қорытынды пікір ұсынар едіңіз?
196. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының мақсаты қандай?
197. Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.
198. Бастауыш мектеп оқушыларына шығарма жаздыру үшін мұғалім қандай басшылық жасайды?
199. Мазмұндама мен оның түрлері туралы айтыңыз.
200. Мазмұндама қалай ұйымдастырылады? (Әр түріне жеке-жеке тоқталу керек).
201. Шығарма жұмыстары және оның т.рлері туралы айтыңыз.
202. Шығарманы қалай ұйымдастыруға болады?
203. Шығарма мен мазмұндаманың ұқсастық белгілері мен бір-бірінен айырмашылықтары жөнінде айтыңыз.
204. Бастауыш мектеп оқушыларының мазмұндамалары мен шығармаларындағы қателерді болдырмау шаралары қандай?
205. III, IV сынып оқушыларының шығармаларын мазмұны, құрылысы, тілі жағынан талдаңыз.
206. Мазмұндама мен шығармаға үйрету үшін, құралдар мен дидактикалық материалдар іріктеп алыңыз.
207. Оқушыларды мазмұндама немесе шығарма жазуға дайындайтын бір сабаққа қатысып, талдау жасаңыз.
208. Шығарма жүргізу үшін тақырыптар жасаңыз.
Рефераттар мен баяндамалар, курс, бақылау жұмыстарына арналған тақырыптар
-
Сауат ашу кезеңіндегі оқытуды ұйымдастыру әдістемесі.
-
Сауат ашу кезеңінде талдау жұмыстарын жүргізу әдістемесі.
-
Сауат ашу кезеңіндегі жазуға үйретудің тиімді әдістері.
-
Талдау-жинақтау жаттығуларын орындауда ойын элементтерін қолдану.
-
Оқыту кезіндегі дидактикалық ойындардың рөлі.
-
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың тілін дамыту.
-
Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сұраудың әдістемесі. Грамматика мен орфография бойынша білім, білік, дағдыны тексеруде және есепке алуда бағдарламалық оқытудың элементтерін қолдану.
-
Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сабақтардың жүйесі, оның мәні және тиімділігі.
-
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістер мен жұмыс түрлері.
-
Бастауыш сыныптарда сөздік-орфографиялық жұмыстың әдістемесі.
-
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қырағылықтың қалыптасу жолдары.
-
Оқушылардың қазақ тілі сабақтарындағы ойлау қабілеттерін белсендіру әдістері.
-
Бастауыш сыныптарда сөзді жан-жақты (кешенді) ұғу тиімділігі.
-
«Жұрнақ» және «қосымша» сөз жасаушы ұғымдарының әдістемелік қалыптасу жолдары.
-
Мектептің бастауыш сыныптарында грамматика-орфографиялық тақырыптарды перспективалық ұғу.
-
Оқушылардың тілдерін дамытудың құралы ретіндегі қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар.
-
Қазақ тілі сабақтарында лексикалық-стильдік жұмыс.
-
Бастауыш сыныптардағы морфеманың (жұрнақ және жалғау) мәні бойынша жұмыс әдістемесі.
-
Қазақ тілі сабақтарында байланыстыра сөйлеу бойынша жаттығулардың түрі.
-
Тілдің барлық жақтарын өзара байланыстыра оқыту қағидасын жүзеге асыру.
-
Тілді оқытуда ғылымилық принципінің маңызы.
-
Мектептің бастауыш сыныптағы әдеби шығарма идеясы мен тақырыбына әдістемелік жұмыс.
-
Әдеби шығарма жоспарын құруға әдістемелік жұмыс.
-
Мектептің бастауыш сыныптарындағы эпикалық жанрлар әдеби шығармаға тұтас талдау бойынша әдістемелік жұмыс.
-
Оқушыларды әңгімелеуге үйрету әдістемесі.
-
Мәнерлеп оқуға үйрету тәсілдері.
-
Тіл сабақтарында оқушылардың өздік жұмысы, оның ұйымдастырылуы және тиімділігі.
-
Оқу сабақтарында шығармашылық жұмыс түрлері.
-
Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарында әңгіме өткізу әдістемесі.
-
Тілдік қателер түрлері мен оларды түзету және алдын алу бойынша жұмыс.
-
Мәтінді мазмұндама мен шығармаға даярлау құралы ретінде тілдік талдау жасау.
-
Білімнің орта және жоғары деңгейі, оның оқушылардың тіл байлығын молайтудағы маңызы мен синтаксистік дағдының дамуына тигізер әсері.
-
Бастауыш сынып оқушыларын тіл стильдері мен қызметтерімен таныстыру әдістемесі.
-
Түрлі мазмұндамаларды оқыту әдістемелері.
-
Түрлі жанрлы шығармаларды оқыту әдістері.
Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінен емтихан сұрақтары
1. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу жүйесінің мәні мен тиімділігі.
3. Оқу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар.
4. Қазіргі кезеңдегі сауат ашуда қолданылатын талдау–жинау әдісі (жалпы сипаттама).
5. Қазақ тілін оқытудағы басшылыққа алынатын заңдылықтар мен дидактикалық принциптер.
6. Сауат ашу кезеңіндегі оқу сабағының түрлері, сабақтың мазмұны мен құрылымы.
7. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу объектісі.
8. Мектепте алтыжасар балаларды оқытудың мазмұны мен әдістемесі.
9. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытудың мазмұны мен жалпы сипаттамасы.
10. Фонетика мен графика негіздерін меңгерту әдістемесі.
11. Грамматикалық түсініктердің мәні және оларды бастауыш сынып оқушыларына меңгерту әдістемесі.
12. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Байланыстырып сөйлеуге қажетті оқушылар іскерлігі.
13. Грамматикалық және сөзжасамдық түсініктерді қалыптастырудың әдістемелік шарттары.
14. Бастауыш сыныптардағы мазмұндама жұмысы оның түрлері, жүргізу әдістемесі.
15. Грамматикалық және сөзжасамдық жаттығулар. Оларды өткізу әдістемесі.
16. Шығарма қызметі және мәні. Шығарманың классификациясы.
17. Сөз құрамы және сөзжасам жұмыстарының мәні, міндеттері. Сөздің морфемдік құрамын оқыту жүйесі.
18. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарындағы жіберілетін қателермен жұмыс сабағы.
19. Бастауыш сыныптарды зат есімді оқыту жүйесі.
20. Қазақ тілінен білім, білік, дағдыны тексеру әдістемесі.
21. Бастауыш сыныптарда сын есімді оқыту әдістемесі.
22. Қазақ тілінен орфографиялық сөздік жұмыстарының әдістемесі.
23. Етістікті оқыту әдістемесі. Етістіктің жіктік жалғауларын дұрыс жазуды меңгерту.
24. Сөзжасам түсінігі. «Жұрнақ» және «жалғау» ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі.
25. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды оқушылардың тіл дамыту жұмыстарында қолдану.
26. Қазақ тілі сабақтарында лексико-стилистикалық жұмыстарды ұйымдастыру.
27. Бастауыш сыныптарды тілдің барлық салаларын байланыстырып оқыту принципін жүзеге асыру.
28. Сауат ашу кезеңіндегі жазуға үйретудің тиімді әдістері.
29. Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сұрақ-жауап әдістемесі.
30. Сауатты жазу дағдысын қалыптастыруда орфографиялық ережелердің мәні. Орфографиялық ережелермен жұмыс әдістемесі.
31. Грамматика мен орфографияны меңгертудегі оқушылардың тілін дамыту. Қазақ тілі сабақтарында лексикалық–стилистикалық жаттығуларды орындау әдістемесі.
32. Сауат ашу кезеңінде балаларға қалыптасатын шеберлік пен дағдының түрлері.
33. Оқуға-жазуға үйретудің дайындық сатысын талдау әдістемесі.
34. Сауат ашу кезеңі сабағының үлгісі және оны талдау.
35. Қазақ тілі сабағындағы талдаудың түрлері мен өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
36. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекілік түрлері.
37. Оқуды толық мәнді сапалы меңгерту және оны дамыту жолдары.
38. Бастауыш сыныптарда синтаксис және пунктуация элементтерін оқыту.
39. Қазақ тілі сабақтарының түрі мен құрылымы жаңа білім беру сабағы.
40. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының мәні мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Дұрыс сөйлеудің негізгі сапалық көрсеткіштері.
41. Оқу сабақтарында сөздік жұмыстарын жүргізудің әдістемесі.
42. Бастапқы жазуға үйрету. Мазмұны мен міндеттері, қазіргі “Жазу үлгілеріне” сипаттама, жазуға дағдыландыру кезеңдері.
43. Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары. Қазіргі “Әліппе”, оның ерекшеліктері: Сауат ашу барысында оқушылардың ерекшеліктеріне көңіл болу.
44. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Дыбысты талдау тәсілдері.
45. Дыбыстық талдау. Жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлік және қазіргі жаңалықтар.
46. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі. Синтаксистік жұмыстар. Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және міндеттері.
47. Сауат ашудың оқыту процесі. Дайындық кезеңі, оның міндеттері, мазмұны, жұмыстың ерекшелігі, оқушыларды дыбыс пен әріпті ұғынуға дайындау.
48. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс қағаздарының түрлері. Ресми сөйлеу жұмысының әдістемесі.
49. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. «Әліппе» мазмұны мен әдістемесі.
50. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. «Мәтін» ұғымын қалыптастыру мәтіннің типтері сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
|
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
|
50
|
<предыдущая страница | следующая страница>