Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6страница 7 ... страница 11страница 12
      3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық
      4) күндiз болу жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрiнде құрылады.

2. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мiндеттерi мен функциялары

      8. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның негiзгi мiндеттерi:
      1) осы стандартта белгiленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
      2) қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, олардың жеке даму деңгейiн арттыруға, әлеуметтендiруге және кiрiктiруге бағдарланған арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
      3) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтiң сапасын және тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      9. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның негiзгi функциялары мыналар:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйiнiң ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейiмдеу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
      2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
      4) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтiк-оңалту iс-шараларын өткiзуге бағытталған қажеттi арнаулы әлеуметтiк қызметтер кешенiн ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
      5) мүгедектерге әлеуметтiк, медициналық және кәсiптiк оңалту жүргiзу;
      6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi, iшкi тәртiп ережесi туралы хабардар ету;
      7) еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру;
      8) жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
      9) жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

3. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға қабылдау шарттары

      10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға жiберудi облыстық, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi арқылы жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы жартылай стационарлық үлгiдегi ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негiзiнде жүзеге асырады.
      12. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға қызмет алушыларды қабылдау уәкiлеттi орган жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға ұсынатын мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) қызмет алушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және iс-әрекетке қабiлетсiз адамдар үшiн – заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының) өтiнiшi (осы стандартқа 1-қосымша);
      2) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету туралы шешiмi;
      3) уәкiлеттi органның жолдамасы;
      4) баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      5) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн – талап етiлмейдi);
      6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);
      7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн – талап етiлмейдi);
      8) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн – зейнетақы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi.
      13. Құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқасымен бiрге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейiн түпнұсқа өтiнiш берушiге қайтарылады.

4. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болудың шарттары

      14. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болу жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгiне, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiкке қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
      15. Құрылтайшы жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның қазiргi заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етедi.
      16. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның ғимараты құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес онда болу ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергiсiз кiрiп-шығуды, орынжай iшiнде және ғимаратқа iргелес жатқан аумақта жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталған.
      Болу шарттары қызмет алушылардың жоғары белсендiлiгi мен әлеуметтенуiне септiгiн тигiзедi.
      17. Егер жартылай стационарлық үлгiдегi ұйым стационарлық үлгiдегi ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылса, онда жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның қызмет алушыларына ғимаратқа жеке есiктен кiруге және бөлек болуға жағдай жасалады.
      18. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету, оңалту жөнiндегi iс-шаралар олардың денсаулығының жағдайын, жасын, жеке даму деңгейiн, әлеуметтендiру, оңалтудың жеке бағдарламасының (болған жағдайда) мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
      19. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болу тәртiбi жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн iшкi тәртiп ережесiнде айқындалады.
      20. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның жұмыс режимiн жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы құрылтайшымен немесе уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi жағдайларды ескере отырып белгiлейдi.
      21. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарда қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызмет күн сайын (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) көрсетiледi.
      Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман келудi есепке алу журналын жүргiзедi (осы стандартқа 3-қосымша).
      22. Уақытша болуға арналған жартылай стационарлық ұйымдарда оңалту iс-шараларын үздiксiз жүргiзу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуына жағдай жасалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтiк қызметке қажеттiлiгiн айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу



      23. Арнаулы әлеуметтiк қызметтiң қажеттiлiгiн (түрлерi мен көлемiн) әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрi – жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары) (осы стандартқа 4-қосымша) айқындайды.
      24. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттiлiгiн бағалау негiзiнде, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға арналған жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болатын әрбiр қызмет алушыға бiр жылдан аспайтын мерзiмге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болатын қызмет алушыларға болу кезеңдегi мерзiмге жеке жоспарлар (бұдан әрi – жеке жоспар) (осы стандартқа 5-қосымша) әзiрлейдi.
      25. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға түскен күннен бастап жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары оны тексергеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлейдi, кейiнгi үш жұмыс күнi iшiнде толтырылады және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтедi.
      Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуы қырық екi күннен аспайтын қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға түскен күннен бастап ұйымның мамандары оны тексергеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi, кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде толтырылады және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтедi.
      26. Жеке жоспарда көрсетiлген iс-шараларды жартылай стационарлы үлгiдегi ұйымның мамандары жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырады.
      27. Қызмет алушының жай-күйiндегi өзгерiстердi жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) тексередi.
      28. Жүргiзiлген iс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингi) жөнiндегi журналда/электрондық картотекада (бұдан әрi – журнал/электрондық картотека) көрсетедi, ол әрбiр қызмет алушыға жеке-жеке толтырылады (осы стандартқа 6-қосымша).
      29. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетiне қарай түзетедi.
      30. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман жеке жоспарды және журналды/ электрондық картотеканы әзiрлеу жөнiнде жұмыстарды үйлестiредi, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      31. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандардың жұмыс сапасын:
      1) жеке даму деңгейi жоғарылаған балалар мен он сегiз жастан асқан адамдардың
      2) бiлiм берудiң арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың
      3) қоғамға кiрiктiрiлген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың
      4) әлеуметтенген және өздiгiнен өмiр сүруге бейiмделген қызмет алушылардың санының көбеюi бойынша жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi орган бағалайды.
      32. Жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту iс-шараларының нәтижелiлiгiн бағалау немесе консультация беру үшiн жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда қажеттi мамандар болмаған жағдайда, шарт негiзiнде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етiледi.
      33. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге қатысады.
      Оңалту iс-шараларының нәтижелерi тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгiленiп отырады.
      34. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның әкiмшiлiгi жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттерiн сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шарттары



      35. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметке мыналар:
      1) денсаулығының жағдайы бойынша өзiн өзi күтудiң, оның iшiнде төсектен тұру, төсекке жату, киiну және шешiну, жуыну, тамақ iшу, сусын iшу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тiсiн немесе жағын күту, көзәйнектi немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кiсiлерге – сақал-мұртын алу сияқты қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi көрсету;
      2) жиһазбен және (немесе) тұрмысқа бейiмдеудi, оңалту, емдеу, бiлiм беру, мәдени iс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      3) тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ мүкәммал (төсек-орын жабдықтарын) ұсыну;
      5) қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымға дейiн және керi бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени iс-шараларға қатысу үшiн тасымалдау кезiнде көлiк қызметiн ұсыну;
      6) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнiнде қызметтер көрсету жатады.
      36. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
      1) берiлетiн орынжайлар көлемi және басқа да көрсеткiштерi (ғимарат пен орынжайдың жағдайы, олардың жайлылығы) бойынша санитарлық гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келедi және қызмет алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етедi.
      Барлық қызметтiк және өндiрiстiк орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауiпсiздiк талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап бередi, телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етiледi және қызмет алушыларға олардың талабы бойынша берiледi. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердiң сапасына керi әсер ететiн әртүрлi факторлардың әсерiнен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дiрiлден және басқа да қолайсыз жағдайлардан) қорғалады.
      Оңалту iс-шараларын, емдеу-еңбек және бiлiм беру қызметтерiн, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн ұсынылған орынжайлар көлемi, орналасқан жерi және конфигурациясы бойынша қызмет алушылардың ерекшелiктерiн ескере отырып, жоғарыда көрсетiлген iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) ұйым мамандарының кабинетi қажеттi жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады;
      әрбiр мамандандырылған кабинетке ерiктi нысанда ресiмделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес келедi;
      4) қызмет алушыларға берiлетiн жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйiн және жасын ескере отырып таңдалып, қазiргi заманғы дизайн талаптарына жауап бередi;
      5) 4 сағаттан асатын режимде жұмыс iстейтiн жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда сапалы тағамдардан әзiрленетiн, теңгерiмдiлiк пен калориялық талаптарына жауап беретiн, санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келетiн, қызмет алушының денсаулық жағдайы ескерiлiп ұсынылатын ыстық, оның iшiнде диеталық тағамдар берiледi.
      Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзiрдi бекiтедi.
      6) денсаулығының жағдайы бойынша өзiн өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi көрсету, олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етедi (мұндай қызметтi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
      7) жеке және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге мүмкiндiк  беретiн қол шеберлiгi және қолынан келетiн еңбек дағдыларын қалыптастыру үшiн қызмет алушының сырқатының және/немесе мүгедектiгiнiң сипаты, физикалық жай-күйi ескерiлiп тиiстi жағдай жасалады және тәрбиелеу әрi оқыту процесiнде оларға қажеттi жайлылықты қамтамасыз етедi;
      8) балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзiрлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлменi/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негiздерiне үйрету үшiн қажеттi техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтiк-тұрмыстық бағдарлау кабинеттерi жасалады;
      9) қызмет алушыларды емдеу, үйрету, мәдени iс-шараларға қатыстыру үшiн автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалану нормативтерi мен ережелерi, жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталады.
      37. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметке мыналар жатады:
      1) медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу (қажет кезiнде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету;
      3) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
      4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
      5) емдеушi дәрiгердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
      7) қызмет алушыларды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
      8) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiн алуға жәрдемдесу;
      9) әлеуметтiк-медициналық мәселелер, оның iшiнде жасына байланысты бейiмделу мәселесi жөнiнде консультация беру;
      10) бейiндi мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;
      11) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi (дәрi қабылдау, дәрi тамызу және басқа да рәсiмдердi) жүргiзу;
      12) емдiк-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
      13) кезеңдiк медициналық-әлеуметтiк зерттеп тексеру (қажет кезiнде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлiгiнiң жеке жоспарын әзiрлеу және дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу;
      14) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтiм көрсетудi қамтамасыз ету;
      15) емдеу-сауықтыру iс-шараларын, оның iшiнде денсаулық сақтау мекемелерiнде ұйымдастыру;
      16) әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын, оның iшiнде дәрi-дәрмексiз терапия қызметтерiн жүргiзу;
      17) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
      38. Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтiк-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткiштерiн, физикалық және писхикалық жай-күйiн ескерiп, қызметтердiң уақтылы және қажеттi көлемде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсiмдер мен iс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) дәрiгерге дейiн көмек көрсетудi ұйымдастыру уақтылы көрсетiледi және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрi-дәрмектi дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрiгер келгенше оларды қабылдау тәртiбiн айқындауды қамтамасыз етедi;
      4) әлеуметтiк-медициналық мәселелер жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтiк медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейiмделу, жасына байланысты өзгерiстер және басқа да проблемалар) дұрыс түсiнуге және шешуге бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердiң алдын алу және олардан арылу, мүгедектердi отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөнiндегi жеке жұмыс зиянды әдеттердiң (алкоголь iшу, есiрткi пайдалану, темекi шегу және т.б.) қауiптiлiгiн, олар әкеп соғатын керi нәтижелердi түсiндiруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердiң алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажеттi ұсынымдар берiледi;
      5) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйiн, оның жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, жүргiзiледi;
      6) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу, «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 750 қаулысымен белгiленген тәртiппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде қызмет алушылардың әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктерiн айқындау мақсатында куәландырудан өту үшiн құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
      7) оңалту iс-шараларын жүргiзу қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады, ол үшiн оңтайлы әлеуметтiк ортаға бағдарлауға және әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмдеуге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенiн орындауды қамтамасыз етедi;
      8) емдiк-дене жаттығуларын орындауға көмек қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында олардың қолжетiмдi және денсаулыққа қауiпсiз дене жаттығулары кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етедi;
      9) протездiк-ортопедиялық көмектi және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;
      10) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздiгiнен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      11) жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып күтiм көрсетудi қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулығының жағдайын күн сайын қадағалау (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқа да рәсiмдер), емдеу дәрiгерiнiң тағайындауына сәйкес дәрiлер беру, қызмет алушылардың жүрiп-тұруына (қажетiне қарай) және басқа да қызметiне көмек көрсету сияқты қызметтi қамтиды;
      12) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi (дәрi қабылдау, дәрi тамызу және басқа да рәсiмдердi) жүргiзу қызмет алушыларға қандай да бiр зиян келтiрмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылуға тиiс;
      13) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттармен және  медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы ауруларды уақытылы алдын алуға және жоюға мүмкiндiк туғызады;
      14) бейiндi мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуi қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседi.
      39. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметке мыналар жатады:
      1) психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
      2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi байқау);
      3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргiзу;
      4) психологиялық консультация беру;
      5) шұғыл психологиялық көмек (оның iшiнде телефон арқылы);
      6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру;
      7) психологиялық тренинг;
      8) қызмет алушыларды психологиялық түзеу;
      9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келiспеушiлiк жағдайларының алдын алу және жою үшiн отбасы мүшелерiне психологиялық көмек көрсету.
      40. Әлеуметтiк-психологиялық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
      1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшiн қызмет алушыға iшкi ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негiзiнде оған iшкi ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседi;
      2) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзiмдiлiгiн арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етедi;
      3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады.
      Психодиагностика қызмет алушының мiнез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететiн оның психикалық жай-күйiн және қызмет алушылардың жеке тұлғалық ерекшелiгiн анықтау мен талдаудың нәтижесi бойынша түзету iс-шараларын жүргiзудiң болжамын жасау және ұсынымдарды әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат бередi;
      4) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүрiс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етедi, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;
      5) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, нервтiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң бейәлеуметтiк нысанын жеңушi адамдарға әлеуметтiк бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағаланады;
      6) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi қамтамасыз етедi;

<предыдущая страница | следующая страница>


Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы

Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»

1640.63kb.

26 09 2014
12 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2378.32kb.

11 10 2014
13 стр.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

2023.9kb.

25 12 2014
10 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
807.53kb.

14 12 2014
5 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1189.94kb.

13 09 2014
7 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1330.88kb.

13 09 2014
8 стр.


Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1314.37kb.

13 09 2014
8 стр.