Ескерту:
1) * бөлме мүкәммалы мен санитарлық-гигиеналық мүкәммал нормативтерi стационарлық үлгiдегi ұйымдарды арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алатын балалар мен он сегiз жастан асқан адамдарға ғана қолданылады;
2) ** 4-тармақтағы бiрiншi сан жалпы бөлiм үшiн орындау мерзiмiн, ал екiншi сан ауыр науқастар үшiн орындау мерзiмiн көрсетедi.
Стационарлық үлгiдегi ұйымдарда балаларға және он сегiз жастан асқан адамдарға киiм мен аяқ-киiм мынадай көлемде берiледi:
№
|
Атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
Балаларға (психоневрологиялық ауытқулары бар)
|
Он сегiз жастан асқан адамдарға
|
Норма
|
Мерзiмi (жыл)
|
Норма
|
Мерзiмi (жыл)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Киiм
|
1
|
Пальто немесе куртка
|
дана
|
1
|
2
|
1
|
3
|
2
|
Жадағай немесе жел өткiзбейтiн күрте
|
дана
|
1
|
2
|
1
|
2
|
3
|
Жүн матадан тiгiлген костюм
|
дана
|
1
|
2
|
1
|
3
|
4
|
Мақта матадан тiгiлген костюм
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
5
|
Спорттық костюм
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
6
|
Шалбар немесе джинсы
|
дана
|
3/4*
|
1
|
4
|
1
|
7
|
Көйлек, сарафан немесе халат
|
дана
|
3/4*
|
1
|
4
|
1
|
8
|
Жүн матадан тiгiлген юбка
|
дана
|
1
|
2
|
1
|
2
|
9
|
Мақта матадан тiгiлген юбка
|
дана
|
3/4*
|
1
|
2
|
1
|
10
|
Мақта матадан тiгiлген блузка
|
дана
|
2
|
1
|
2
|
1
|
11
|
Свитер, жекет, жемпiр, кофта немесе трикотаж жаймадан тiгiлген желет
|
дана
|
1
|
2
|
4
|
2
|
12
|
Трико
|
дана
|
2
|
1
|
2
|
1
|
13
|
Футболка
|
дана
|
3
|
1
|
3
|
1
|
14
|
Мақта матадан тiгiлген кеудеге киетiн жейде
|
дана
|
3/4*
|
1
|
3/4**
|
1
|
Iш киiм
|
15
|
Труси немесе дамбал
|
дана
|
6/4*
|
1
|
4/8**
|
1
|
16
|
Түнде киетiн жейде немесе пижама
|
дана
|
2/3*
|
1
|
2/3**
|
1
|
17
|
Майка
|
дана
|
2
|
1
|
3
|
1
|
18
|
Мақта матадан және иiлiмдi трикотаж жаймадан тiгiлген киiм-кешек бұйымы (бюстгальтер)
|
дана
|
2
|
1
|
4
|
1
|
19
|
Кальсондар
|
дана
|
-
|
-
|
2
|
1
|
20
|
Гамаштар
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер
|
21
|
Шарф
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
22
|
Бөрiк немесе берет
|
дана
|
1
|
2
|
2
|
2
|
23
|
Панама, фуражка немесе күнқағар
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
24
|
Әйелдердiң бас орамалы
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
25
|
Тақия
|
дана
|
-
|
-
|
1
|
2
|
26
|
Қолғап немесе биялай
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
27
|
Жүн орамал (жартылай жүн)
|
дана
|
-
|
-
|
1
|
1
|
28
|
Тоқыма бөрiк
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Ұйық-шұлық бұйымдары
|
29
|
Колготки
|
дана
|
6
|
1
|
6
|
1
|
30
|
Шұлық
|
дана
|
-
|
-
|
12
|
1
|
31
|
Ұйық
|
дана
|
6/12*
|
1
|
12/10**
|
1
|
32
|
Қысқа шұлық
|
дана
|
3
|
1
|
-
|
-
|
Аяқ киiм
|
33
|
Қысқы етiк немесе киiзден тiгiлген аяқ киiм
|
дана
|
1
|
1
|
2
|
3
|
34
|
Пима
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
35
|
Маусымдық етiк
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
2
|
36
|
Қысқа етiк
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
2
|
37
|
Бәтеңке немесе туфли
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
38
|
Қысқа бәтеңке
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
39
|
Жалаңаяқ киетiн аяқ киiм немесе сандали
|
дана
|
2
|
1
|
1
|
1
|
40
|
Спорттық аяқ киiм
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
41
|
Бөлмеде киетiн тәпiшке
|
дана
|
3/4*
|
1
|
4
|
1
|
42
|
Сланцы
|
дана
|
1
|
1
|
2
|
1
|
Ескерту:
1)* 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бiрiншi сан – он төрт жасқа дейiнгi балаларға арналған кию нормасын, екiншi сан – он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған кию нормасын көрсетедi;
2)** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бiрiншi сан – еркектерге арналған кию нормасын, екiншi сан – әйелдерге арналған кию нормасын көрсетедi.
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту ұзақтығы
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегiз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгiдегi ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
4) әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнiң деңгейi айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегiз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен
бекiтiлген
Халықты әлеуметтiк қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi және «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы стандарт тәулiктiң күндiзгi уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейiнгi мерзiмге) болуға арналған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес меншiк нысанында жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемiн және шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi, жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымның жұмыс iстеу тәртiбiн, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрi – балалар);
2) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрi – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрi – он сегiз жастан асқан адамдар);
4) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге (бұдан әрi – мүгедектер), егде жасына байланысты өзiне қызмет көрсетуге мүмкiндiгi жоқ адамдарға (бұдан әрi – қарттар) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетiлген санаттар бiрлесiп қызмет алушылар деп аталады.
3. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәулiктiң күндiзгi уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейiнгi мерзiмге) болуына арналған күндiз болу бөлiмшелерi, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрi – жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдар) танылады.
4. Осы стандартты меншiк нысанына қарамастан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн барлық субъектiлер сақтайды.
5. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйым:
1) мыналардың:
жеңiл және орташа дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң, оның iшiнде тиiстi мамандырылған мектеп интернаттардың көмекшi сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн) болуы;
ауыр және күрделi дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң
бас миының органикалық зақым алғаннан кейiнгi жарыместiгi салдарынан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж бiр жарым жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың
Балалардың жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткiштер:
жеке адам дефектiсi айқын бiлiнбейтiн өнiмдi симптоматикалы шизофренияның
жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм эпилепсияның
кез келген нозологиялық тиiстiлiк шеңберiндегi психопатияға ұқсас симптоматиканың
бала мен айналасындағылар үшiн қауiптi, мiнез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың
ауру процесiнiң белсендi сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады;
2) мыналардың:
жеңiл және орташа дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң, оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн) болуы;
ауыр және күрделi дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң
жiтi психотикалық симптоматиканың болмауымен, жарыместiгiнiң немесе психикалық кемiстiгiнiң өрескел көрiнуiмен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлерi;
жарыместiк белгiлерi бар бас-ми жарақаттары;
жарыместiк белгiлерi бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулездi менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);
айқын бiлiнетiн жарыместiк белгiлерi бар тұрақты алкоголизм;
айқын бiлiнетiн психомоторлық мазасыздығы жоқ және есiнiң өзгеру жай-күйiнiң ұзақ немесе қайталанатын жарыместiк белгiлерi бар қан-тамыр және сенильдiк;
жарыместiк белгiлерi мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттерi бар эпилепсияның түрлi нысандары салдарынан жартылай стационарлық үлгiде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж он сегiз жастан асқан адамдардың.
Он сегiз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткiштер:
жiтi және қатты сатыдағы психикалық аурулардың
созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының
айқын бiлiнетiн психотикалық симптоматикамен, қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетiлетiн адамның өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ұстамалы түрдегi немесе жиi өлшiмелi немесе аурудың жиi декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендтi өтетiн кез келген психикалық аурулардың
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиi ұстамалы (айына бес реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм тырыспалы синдромның
тұрақты алкоголизмнiң, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерiнен асқынған басқа да психикалық аурулардың
айқын бiлiнетiн түрлi генездегi депрессиялық және қияли жай-күйлердiң, созылмалы реактивтi жай-күйлердiң
айқын бiлiнетiн психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивтi, параноидтi, паранояльдiк, қояншық ауруларының
ауру процесiнiң белсендi сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады.
3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердiң, оның iшiнде бiр жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрi – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар).
ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткiштер:
психикалық аурулардың
ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiнiң
жиi эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
мiнез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының
қайтымсыз гидроцефалияның
нашақорлық пен жiтi психотикалық симптоматикалы алкоголизмнiң
мiнез-құлықтың психоұқсас түрлерiнiң болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық қабiлетiнiң зақымдануы;
ауру процесiнiң белсендi сатысындағы туберкулездiң, карантиндiк инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн басқа да аурулардың болуы болып табылады;
4) мүгедектердiң және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен, өзiне-өзi күтiм көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйiне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың тәулiктiң күндiзгi уақытында (күнiне төрттен он сағатқа дейiн), қажетiне қарай басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған.
Мүгедектер мен қарттардың жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымда болуына:
ауру процесi белсендi сатыдағы туберкулездiң
психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезiндегi невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлердi, ақыл-ес кемшiндiгi мен жеке басының айқын бiлiнетiн өзгеруi жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бiр реттен артық емес) этиологиясы әртүрлi тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
карантиндiк инфекциялардың, терi мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тiң, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi қажет ететiн аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткiштер болып табылады.
6. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметiн құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
7. Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдар:
1) күндiз болу бөлiмшелерi (орталықтары);
2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;
<предыдущая страница | следующая страница>