Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Жаратылыстану және экология институты

Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы

050113 - «Биология» мамандығына арналған «Жалпы химия» пәні бойынша



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен, 2005

Құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна

Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна
Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Кафедра отырысында талқыланды

2005 ж. «____»______№__хаттамасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде талқыланып бекітілген

2005 ж. «____»______№___хаттамасы




Түйіндеме. Жалпы химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені биология мамандығының студенттеріне арналады. Онда дәріс пен зертханалық сабақтарының негізгі мәселелері көрсетілген. Студенттер пәнге байланысты материалды толық және тереңірек игеру үшін оларға дәрістік сабақ конспектілері, тапсырманы орындауға арналған кестелер, есептер, жаттығулар, зерханалық жұмыс жоспары және тақырыптары, тестілер, бақылау мен өздік бақылау сұрақтары, реферат тақырыптары, өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар беріліп отыр.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005 жыл

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

1.1 Пән атауы: Жалпы химия

1.2 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы

1.3 Оқытушы: Қабдрахманова Сана Қанатбекқызы, Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна

1.4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 28-82-64

1.5 Өткізу орны: №1 және №4 оқу ғимараттары, аудиториялар

1.6 Кредит саны: 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семе­стр

Кре­дит

Дәріс

Зертханалық жұмыс


СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Жалпы химия

1

1

2

20

10

30

30

90

Емтихан


1.8 Пререквизиттері: Оқылатын пәнді игеру үшін студент математика мен физиканың негіздерімен таныс болуы шарт. Сонымен қатар, химияның мектеп курсында өтілетін негізгі ұғымдарымен яғни: атом молекулалық ілім, стехиометрия заңдары, периодтық заң, әр түрлі деңгейдегі заттардың құрылысымен Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс, алу әдістері, аталуы. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химиялық кинетика мен термодинамика негіздері. Еру механизмдері, ерітінді концентрациясын белгілеу әдістрі. Электролиттік диссоцияция теориясы (механизмі, сандық анықтамасы). Химиялық байланыс теориясы, жіктелуі, комплексті қосылыстардың диссоциациясы, номенклатурасы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы, электролиз. Металдар және бейметалдар.

1.9 Постреквизиттері: пәнді оқыту барысында алынған білімдерін биология, тәнтану, физиология, биохимия, аналитикалық, органикалық және физикалық химия пәндерінде қолдану.

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
2.1 Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың ғылыми–диалектикалық көзқарасын, шығармашылық ойлау танымын дамыту, химияның өмірмен, практикамен байланысын ашып, болашақ мамандары практикалық білім-білік дағдылармен қаруландыруға бағытталады. Бейорганикалық химия курсының мазмұны студенттердің химия циклі пәндерін терең меңгеруге негіз болып қалану керек.
2.2 Пәннің міндеттері:

Бейорганикалық химияны оқу барысында студент төмендегідей білім – білік дағдыларын меңгеру қажет:

химиялық ыдыстармен, Кипп аппаратымен, газометрмен, химиялық реактивтермен, спирт шамымен, электр қыздырғышпен жұмыс істей білу;

химиялық таразыларда өлшеу жұмыстарын орындай білу;

әртүрлі зертханалық операцияларды (ұнтақтау, еріту, қыздыру, суалту, газ жинау, ерітінді әзірлеу) орындай білу;

қарапайым приборларды құрастыру;

химиялық лабораторияларда жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасын сақтай білу;

қарапайым приборларды құрастыру;

химиялық лабораториялар жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасын сақтай білу;

тәжірибе қорытындысын түсіндіре білу, химиялық терминологияны дұрыс қолдана білу, сарамандық жұмыс нәтижесін сауатты, көркемдеп, қажеттігі болғанда анықтамалық материалды қолдана білу.


2.3 Пән мазмұны: Химия - заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Материяның нақты көрінісі (заттар) өте көп, материя қозғалысының түрлері де қилы-қилы, осыған сәйкес жаратылысты зерттейтін ғылымдар да түрлі салаға бөлінеді.

Химия материя қозғалысының химиялық түрін зерттейді, яғни зат негізінен өзгеріп, бір заттан екінші жаңа зат түзілуіне байланысты туатын қозғалысының түрін зерттейді.

Бейорганикалық химия пәні қолданбалы химия әдістемесі мен техникасының проблемаларына арналған. Пәннің тақырыптарында табиғи құбылыстар мен процестерді түсіндіретін арнайы теориялар мазмұндалған. Онда химиялық зерттеу әдістерінің бірі – бақылау арқылы заттарды және түрлі құбылыстар мен процестерді терең түсіндіретін арнайы теориялар мазмұндалған. Химия ғылымы алдына қойған міндеттерді шешуде бақылау, гипотеза, тәжірибені негізгі зерттеу әдістері ретінде пайдаланып, олардың нәтижесінде анықталған мәліметтерді түсіндіру үшін теорияларды басшылыққа алады.
Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:

Бейорганикалық химияның негізін (атом молекулалық ілім, стехиометрия заңдары, периодтық заң, әр түрлі деңгейдегі заттардың құрылысы.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс, алу әдістері, аталуы.

Химиялық реакциялардың жіктелуі.

Химиялық кинетика мен термодинамика негіздері.

Еру механизмдері, ерітінді концентрациясын белгілеу әдістрі.

Электролиттік диссоцияция теориясы (механизмі, сандық анықтамасы).

Химиялық байланыс теориясы, жіктелуі, комплексті қосылыстардың диссоциациясы, номенклатурасы.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы, электролиз.

Периодтық жүйе құрылымы мен атом құрлысының байланысын түсіндіре білу.

Барлық атомдардың электрондық, электронды-ұяшықтық формуласын жаза білу.

Валентілік пен атомдардың тотығу дәрежесін, олардың жай және қозған түрлерінің құрылымы негізінде түсіндіре білу.

Атомдар, жай заттар мен элемент қосылыстарының қасиетінің атом құрылысына байланыстылығы.

Қосылыстардың қышқылдық – негіздік және тотықтыр-ғыштық-тотықсыздандырғыштық сипаттамасын бере білу.

Байланыс типтерінің түзілу түзілу себебін түсіндіре білу, кристалдық торлар типінің зат қасиеттеріне әсері.

Металл және бейметалл генетикалық қатары бойынша оксид, қышқыл, негіз, тұз қасиеттері мен әдістерін болжау.

Химиялық реакциялардың жылу эффектісінің себебін, заттардың ерігіштігінің себебін, кейбір химиялық реакциялардың жүріп, кейбіреуінің жүрмеуін, Т, Р,С - өзгерісінің химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін түсіндіре білу.

Электролиттік диссоциация, гидролиз, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану (екі әдіспен) реакцияларының теңдеуін жаза білу.

Формула бойынша (салыстырмалы молекулалық масса, белгілі зат мөлшерінің массасы, молекула массасы, элемент массалары қатынасы, элементтің массалық үлесі, зат массасы ішіндегі элемент массасы, газдардың салыстырмалы тығыздығы.

Салыстырмалы тығыздық және массалар қатынасы немесе элементтердің массалық үлесі бойынша заттың молекулалық формулсын құру.

Реакция теңдеуі бойынша масса, зат мөлшерін, көлемін табу.

Егер берілген заттардың біреуі артық мөлшерде алынған жағыдайда реакция теңдеуі бойынш массаны (зат мөлшерін, көлемін табу).

Бастапқы заттар еріген заттың массалық үлесі белгілі ерітінділер түрінде алынған жағдайда реакция теңдеуі бойынша массаны (зат мөлшерін, көлемін) табу.


3 ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ





Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Ұсыны-латын әдеб.

Орындау

мерзімі


Балл (рейт. шкалаға сәйкес)

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

Зертха­налық сабақ

Зертханалық сабақтар жоспары бойынша: жұмысқа алдын-ала дайындық, орындауға рұқсат алу, орындау техникасы, жұмыс дәптерін толтыру, жұмысты қорғау

Ұсыныл­ған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

әр тақырып бойынша 10 балға дейін

Ағымдық бақылау (зертхана­лық сабақтағы бақылау

Зертхана­лық сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

2

Ауызша жазбаша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес: тақырып бойынша ауызша жауап, есеп шығару, бақылау жұмысы, тестік бақылау, өзіндік жұмыс

СОӨЖ-де ұсыныл-ған әдебиет тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

20 баллға дейін әр жұмыс түрі бойынша

Ағымдық бақылау СОӨЖ


СОӨЖ сабағын­да сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай


3

Ауызша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес: коллоквиум

ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

әр колок­виум 20 баллға дейін

Аралық бақылау СОӨЖ

СОӨЖ сабағын­да сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай


4

Ауызша жазба­ша жауап

СӨЖ жоспарына сәйкес: реферат, конспект, есеп шығару, жеке үй жұмысы

ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес (СӨЖ)

Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай

әр жеке үй жұмысы үшін 10 баллға дейін

Үй жұмысын бақылау

СӨЖ оқу жоспа­рына сай

5

Емти­хан тапсыру

1-14 тақырып (ауызша, билет бойынша: 2 теориялық сұрақ және есеп)

ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес

Семестр соңы

40 баллға дейін

Қорытын­ды бақы­лау

Оқу жоспа­рына сәйкес

3.6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі

Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов, М.Б.Мұратбеков Жалпы және анорганикалық химияның теориялық кіріспесі. – Алматы. – «Мектеп», 1977.

Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов Жалпы химия. – Алматы

Н.Л.Глинка Общая химия. – Л., 1983.

Б.В.Некрасов Основы общей химии. – М., «Химия», 1974, 1,2,3, тома.

И.Г.Хомченко Общая химия. – М., 1987.

Я.И.Угай Общая химия. – М., 1983.

О.А.Зайцев Общая химия. – М., 1983.

Н.С.Ахметов Общая и неорганическая химия. – М., 1988.

Н.С.Ахметов Общая и неорганическая химия. – М., «Высшая школа» 1998.

И.А.Зубович Неорганическая химия. – Л., 1989.

М.М.Петрович, Ю.Н.Кукушкин Неорганическая химия. – Л., 1989.

Э.Т.Оганесян Неорганическая химия. – М., 1984.

Д.А.Князев, С.Н.Смарыгин Неорганическая химия. – М., 1990.

Н.В.Коровин и др. Курс общей химии. – М., 1990.

Н.Л.Глинка Сборник задач по общей и неорганической химии. – 1987.

Л.В.Бабич практикум по неорганической химии. – М., «Просвещение», 1991.

Н.С.Ахметов, М.К.Азизова, Л.И.Бадыгина Лабораторные и семинарские занятия по общей и неорганической химии. – М., 1999.

Л.Л.Увалиева, Р.И.Ергазиева т.б. Бейорганикалық химия практикумы. – Алматы 1996.

А.Т.Байбосынова, С.Қ.Қабдрахманова. Жалпы және анорганикалық химия практикумы. - Өскемен: ШҚМУ. –2004 ж. – 131-139.

К.Рүстембеков, М.Сыздықбаева, А.Қожақова. Жалпы химияның үлгі есептері. – Қарағанды: КарГУ. – 1994 ж.

М.М.Петров, Л.А.Михилев, Ю.Н.Кукушкин. Неорганическая химия. – Л:. Химия. – 1974 г.


Қосымша

Окислительно-восстановительные процессы в химии (Кара­гандинский государственный университет: Методичес­кое указания для самостоятельной работы студентов химического и биологического факультетов) Алма-Ата. – 1989.

Ю.А.Николаев, Металлы в живых организмах. – М., 1986.

24. Уильямс Металлы в жизни. – М., 1975.

Н.М.Эмануэль и др. Химия и пища. – М., 1986.

Н.Н.Павлов Неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1986.

Г.П.Хомченко, К.И.Севастьянова Окислительно-восстанови­тельные реакции. – М.: Просвещение, 1980.


следующая страница>


«Жалпы химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ард

663.75kb.

15 12 2014
6 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚу -әдістемелік кешен өскемен 2005 Құрастырған :Құсманова Күлжібек Әскенқызы

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша

511.92kb.

14 12 2014
3 стр.


География мамандығы үшін Экономикалық және әлеуметік географияға кіріспе пәні бойынша

Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география

181.69kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050114 «тарих» мамандығЫ Үшін

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж

488.02kb.

25 12 2014
3 стр.