Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5


Сутегіні қолдану.

Аммиак синтездеуде, хлор сутек алуда, тотықсыздандырғыш ретінде сұйық майларды гидрогендеуде, т.б. Сутегінің маңызды көп таралған қосылысы су.

Сілтілік металдар. 2-ші дәріс.

Сілтілік металдарға жататындар: литий, натрий, калий, рубидий, цезий және радиоактивті элемент франций. Сілтілік металдар периодтық жүйенің бірінші негізгі топшасында орналасқан. Сыртқы электрондық қабатында 1S электроны бар.

Сілтілік металдарды алу үшін олардың тұздарының балқындысын электролиздейді. Сонда катодта металл бөлінеді.

2MeCl электролиз Мекатод+Сl2(анод)

Химиялық қасиеті:

2Me+2Н2O=2MeOH+Н2

Me+O2=Me2O(Li)Me2O2(Na) Ме02(К, Rb, Cs).

Me+E2=MeE (E-Cl2, F2, Br2)

Me+E=Me2E (E=S, Se, Te)

6Me+3N2=2Me3N

2Me+2C=Me2C2

4Me+Si=Me4Si


Қосылыстарының маңыздысы:

Ме галогенидтері, карбонаттары, гидроксидтері.

МеОН+НR=MeR+Н2O

Оттегі.

Бейметалл. Түссіз газ, сұйық күйінде ашық – көгілдір, қатты күйінде көк түсті. Суда нашар ериді. Реакцияласқыш, әсіресе жоғары температурада көптеген бейметалдар мен металдармен әрекеттеседі. Көптеген бейорганикалық қосылыстарды тотықтырады. Табиғи оттегінің өш изотопы бар ( О16, О17, О18). Өндірісте ауаны фракциялық айдау арқылы, су және сілті балқындысын электролиздеу арқылы алады. Зертханада алу әдісі:

H2O2 = H2O + O2 (1500С жоғары немесе бөлме температурасы, NaOH, MnO2, Pt, Cu катализатор қатысында ).

2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2 (200-2400C)

Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі- озон. Маңызды қосылыстары: сутегі пероксиді, оттегі дифториді, диоттегі дифториді, диоксигенил гексафтороплатинаты.
Сілтілік жер металдары мен магний, берилий.

Екінші негізгі топша элементтеріне берилий, магний, кальций, стронций, барий және радий. Соңғы төртеуі сілтілік-жер металдары деп аталады. Радий радиоактивті элемент, жартылай ыдырау периоды 1600 жыл. Сыртқы электрондық қабатында екі электрон бар, тотығу дәрежесі +2, металдық қасиеті бірінші негізгі топша элементтеріне қарағанда әлсіздеу. Рет саны өскен сайын оттегімен әрекеттесуі жеңілдейді, оксидтерінің негіздік қасиеті артады.

Екінші негізгі топша элементтері оттегімен әрекеттесіп-МО; сутегімен әрекеттесіп - МН2 гидрид; азотпен әрекеттесіп – М3N2 нитрид; галогендермен әрекеттесіп – МГ2 галогенін; күкіртпен әрекеттесіп – МS сульфид және т.б. түзеді.

Mg, Ca, Sr және Ва металдары барлық реакцияларда мысалы белсенді тотықсыздандырғыштар, мысалы:

Са+2Н2О=Са(OH)2+H2

( берилиий мен магний сумен суық су қатысында әрекеттеспейді, себебі сырты оксидтік қабықпен қапталған).

Берилийдің оксиді мен гидроксиді амфотерлі:

Be(0H)2+ 2Na0H= Na[Be(0H)4]

Be(0H)2+ H2S04= BeS04+ 2H20

Магнийдің және сілтілік жер металдарының карбонаттары суда аз ериді, оның есесіне гидрокарбонаттары суда жақсы ериді. Судың уақытша кермектілігін осы гидрокарбонаттар тудырады. Оны жою үшін суды қайнатамыз немесе бейтараптандырамыз.

Сілтілік металдар сияқты сілтілік жер металдары оксидтер түзіп қана қоймай пероксидтер, асқын пероксидтер түзеді. Берилийдің химиялық қасиеті диагональды түрде алюминийдің қасиетін қайталайды.

Үшінші негізгі топша элементтері.

В бор, Аl алюминий, Ga галий, In индий, Tl таллий элементтерінің барлығы Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің үшінші негізгі топша элементтерінің құрамына енеді. Валенттік ns2np1 электрон саны бірдей. Осыдан б9л элементтерге тән +3 тотығу дәрежесі шығады. Химиялық қасиеті жағынан бор бейметалл, алюминий, галий және индий амфотерлі элементтер, сонымен бірге алюминийден индийге қарай негіздік қасиет артады, талий металдық қасиет көрсетеді.

Төрт sp-гибридтенген орбитальдың болуы (бордан басқасында nd – орбитальдың болуы) ІІІ топ элементтерінің әр түрлі иондарға қатысты алғанда акцепторлық қасиетін дамытады.Бұл әсіресе бор мен алюминийде айқын байқалады.

Бор азот қышқылымен ерітіндіде тотығып, сілтілермен оттегі қатысында балқытқанда тотығады.

B + HNO3 (конц)= B(OH)3+ 3NO2

4B +4NaOH + 3O2= 4NaBO2+ 2H2O

Алюминий амфотерлі элемент ретінде тотықтырғыш емес қышқылдармен әрекеттеседі(ерітіндіде алюминий амфотерлі элемент ретінде катионның құрамына енеді). Ал сілтілік ортада алюминий анионның құрамына кіреді.

Бор мен алюминий оттегімен, галогендермен, күкіртпен, азотпен т.б. әрекеттеседі

Алюминийді алу үшін алюминий оксидінің криолиттегі балқындысын электролиздейді.

Бордың көп таралған қосылысы натрийдің тетрабораты. Алюминийдің маңызды тұздары ашудас түріндегі қос тұздар. Бор мен алюминий сутекті қосылыстар да түзеді.

Төртінші негізгі топша элементтері.

Көміртегі, кремний, германий, қалайы, қорғасын периодтық жүйенің төртінші негізгі топшасын құрайды. Олардың атомдарының валенттік қабатының электрондық формуласы: ns2np2. Қосылыстарындағ негізгі тотығу дәрежелері (+2) және (+4).Электр терістіліктеріне байланысты көміртегі мен кремний бейметалдар, германий, қалайы, қорғасын реттік санының өсуіне орай металдық сипаты артатын амфотерлі элементтерге жатады. Тұтасымен алғанда жоғарыдан төмен қарай (+4) тотығу дәрежесінің беріктігі кеміп, (+2) тотығу дәрежесінің тұрақтылығы артады. Қорғасынның (+4 қосылыстары күшті тотықтырғыштар, ал қалған элементтердің (+2) тотығу дәрежелі қосылыстары тотықсыздандырғыштар.

Көміртегі, кремний, германий біршама химиялық инертті, сумен тотықтырғыш емес қышқылдармен әрекеттеспейді. Қалайы мен қорғасын да сумен әрекеттеспейді, бірақ тотықтырғыш емес қышқылдардың әсерінен ерітіндіге өтеді:

Sn + 3(H3O)+= [Sn(H2O4)]2+ +H2

Сілтілермен көміртегі ертіндіге ауыстырылмайды, кремний үлкен күшпен ауысады, германий сілтілермен басқа тотықтырғыштар көмегімен әрекеттеседі, қалайы мен қорғасын сілтілік ортада сумен әрекеттеседі.

Төртінші негізгі топша элементтерінің реакцияласқыштық қасиеті температура артуымен артады. Қыздырған кезде олар металдармен және бейметалдармен әрекеттеседі, сол сияқты тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі.

Металлургияда көміртегі кокс түрінде күшті тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады.

Көміртегі екі оксид түзеді. С(ІІ) оксиді пирометаллургияда тотықсыздандырғыш ретінде, С(ІV) оксиді газды сусын алуда, жасанды мұз алуда және өрт сөндіруде қолданылады.

Кремнийдің (IV) валентті оксиді табиғатта кәдімгі құм түрінде көп таралған.

Қалайы мен қорғасынның (+ІІ) тотығу дәрежесіндегі оксидтері бар. SnO оксиді термиялық тұрақсыз, PbO оксиді керісінше өте тұрақты.

Қалайы мен қорғасынның (+4) оксидтері амфотерлі, бірақ қышқылдық қасиеті басым болып келеді. Қалайы (+4) оксидін қалайыны ауада жағып аламыз, ал қорғасынның (+4) оксидін тек күшті тотықтырғыштар қатысында ғана аламыз.

Бесінші негізгі топша элементтері.

Азот, фосфор, мышяк, сурьма висмут периодтық жүйенің бесінші негізгі топшасын құрайды. Олардың атомдарының валенттік қабаты ns2np3. Азот, фосфор, мышьяк – бейметалдар, сурьма –амфотерлі, висмуттың металдық қасиеті басым. Бұл топ элементтерінің қосылыстарындағы тотығу дәрежелері (-3) пен (+5) аралығында орын алады. (+5) тотығу дәрежесі азот пен висмут үшін тұрақсыз. Висмуттың (+5) тотығу дәрежелі қосылыстары күшті тотықтырғыштар. Висмуттан басқа элементтердің барлығы Э205 типті оксидтер түзеді. Э203 типтес оксидтер осы топтың барлық элементіне тән. (-3) тотығу дәрежелі қосылыстар азот, фофор, мышьякқа тән (ЭН3). Бұл қосылыстар оний иондарын ЭН4+ түзеді. NH4+ аммоний катионынан басқалары тұрақсыз.

Бесінші негізгі топша элементтерінен газ тәрізді азот азот қышқылымен әрекеттеспейді, ал қалғандары әрекеттеседі. Жерде азот пен фосфор кең таралған, ал қалғандары сирек элементтер қатарына жатады.Элементтердің алу әдістері, химиялық қасиеттері, негізгі қосылыстары, қолданылуы.

VI негізгі топша элементтері.

Оттегі, күкірт, селен, теллур және полоний периодтық жүйенің алтыншы негізгі топшасын құрайды. Бұл элементтердің топтық атауы- халкогендер. Бірақ оттегі жеке қарастырылады. Полоний радиоактивті элемент, оның тұрақты изотопы-210Ро (жартылай ыдырау периоды 138,38 тәулік).

Бұл элементтердің валенттік электрондық деңгейі: ns2np4.

Оттегі электр терістілігі жағынан екінші орында тұрған элемент, оның тұрақты тотығу дәрежесі (-2). Қалған элементтерге -2, +4, +6 тотығу дәрежелері тән. Алтыншы негізгі топша элементерінің сутекті қосылыстарының тұрақтығы H2O – H2S – H2Se –H2Te – H2Po қатары бойынша кемиді. Тотықсыздандырғыш қасиеті осы қатар бойынша артады. Сулы ерітінділерінде судан басқалары әлсіз қышқылдар.

Күкірт, селен, теллурдың +4 тотығу дәрежелі оттекті қосылыстарының тотықсыздандырғыш қаиеттері рет санының өсуі мен кемиді. ЭО2 қышқылдық оксидтеріне сәйкес қышқылдар әлсіз қышқылдар қатарына жатады.

ЭО3 оксидтеріне сәйкес келетін қышқылдардың тотықтырғыштық қасиеті селен қышқылында басым болады.

Бұл элементтерді алу, өздерін және қосылыстарын қолдану, жай зат ретіндегі және қосылыстарының химиялық қасиеттері. Табиғатта таралуы, маңызы.

VII негізгі топша элементтері.

Фтор, хлор, бром, иод және астат периодтық жүйенің жетінші негізгі топшасында орналасқан. Бұл элементтердің топтық атауы – галогендер. Валенттік қабатының құрылысы ns2np5; мұнда фтор атомында nd- деңгейше жоқ, сондықтан ол тек бір коваленттік байланыс түзеді. Фтор нағыз электро теріс элемент.

Басқа галогендер – хлор және оның ауыр аналогтары өз қосылыстарында (-1) – ден (+7)-ге дейінгі аралықтағы тотығу дәрежелерін көрсетеді. Радиоактивті галоген астаттың ең ұзақ өмір сүретін изотопы 210At жартылай ыдырау периоды 8,1 сағат. Барлық галогендер бейметалдар. Бейметалдық қасиет фтордан астатқа қарай әлсірейді.

Табиғатта галогендер тотықсызданған күйде ( фторид, хлорид, иодид, бромид) түрінде кездеседі. Иод иодат түрінде де кездеседі.

Фторды фторидтер мен сілтілік металдардың гипофторидтерінің балқындысының электролизі арқылы алады. Хлор, бром, иодты бос күйінде алу үшін зертханада кальций гипохлориті немесе натрий броматы сияқты тоты.тырғыштар қолданылады:

Ca(0Cl)2 + 4HCl(k)= 2Cl2 +CaCl2+2H2O

NaBrO3 + 5NaBr + 3H2SO4 = 3Br2 + 3Na2SO4+3H2O

Өндірісте хлорды сілтілік және сілтілік жер металдарының хлоридтерінің электролизі арқылы аламыз. Бром мен иодты бромидтері мен иодидтерінен газ тәрізді хлордың көмегімен аламыз.

Галогендердің химиялық қасиеті, қолданылуы, негізгі қосылыстары.

Сегізінші негізгі топша элементтері.

Гелий, неон, аргон, ксенон, радон сегізінші топтың негізгі топша элементтері. Радон радиоактивті элемент оның ең ұзақ өмір сүретін изотопы Rn222 жартылай өмір сүру периоды 3,824 тәулік. Барлық инертті газдар аздаған мөлшерде атмосферада кездеседі, ал гелий ядросы күннің едәуір бөлігін құрайды. Бос күйінде инертті газдар молекуласы бір атомды.

Инертті газдар түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда аз ериді, қиын сығылады, реакцияласу қабілеті төмен. Дегенмен инертті газ деген травиальды атау қазір өз атына сәйкес келмейді. Себебі гелий мен неоннан басқаларының қосылыстары алынған.

Ең жақсы зерттелгені ксенон, ол өз қосылыстарында (+1) ден (+7)-ге дейінгі аралықта тотығу дәрежесін көрсетеді.

Радон өте радиоактивті, оның қаситеі аз зерттелген.

1Б топша элементтері.

Мыс, күміс, алтын периодтық жүйенің бірінші қосымша топшасын құрайды. Олардың валенттік деңгейі (n-1)d10ns2 формуласымен анықталады. Көбірек тән тотығу дәрежелері: мыс үшін (+1), (+2), күміс үшін (+1), алтын үшін (+1), (+3), дегенменмен Cu+3, Ag+2,Ag+3 күйлері де болуы мүмкін.

Таза алтын мен күмісті өндірісте цианидті әдіспен алады. Өндірісте мысты әр түрлі сульфидті кендерден, мысалы халькопирипттен алады.

2(CuFe)S2 +5O2 +2SiO2= 2Cu +2FeSiO3 + 4SO2

Мыс, лас мысты мыс сульфаты ерітіндісін электролиздеп, рафинациялау арқылы тазартылады.

1Б топша элементерінің химиялық қасиеті, қолданылуы, табиғатта таралуы, биологиялық маңызы.
2Б топша элементтері.

Мырыш, кадмий, сынап периодтық жүйенің екінші қосымша топшасын құрайды. Олардың валенттік қабатының формуласы: (n-1)d10ns2. ІІБ топша элементтеріне тән тотығу дәрежесі +2, сынаптың тотығу дәрежесі +1 болуы да мүмкін.

Электрохимиялық қатарда мырыш пен кадмий сутегіге дейін орналасқан, сондықтан олар тотықтырғыш емес қышқылдардан сутегіні ығыстырып шығарады.

Cd +3H3O = Cd +H2 + 2H2O

Cынап сутегіге қарағанда көбірек электро теріс болғандықтан оны ерітіндіге тек тұрақты комплекс түзетін иондардың көмегімен ауыстыруға болады.
ІІБ топша элементтерінің химиялық қасиеттері, табиғатта кездесуі, қолданылуы.
ІІІБ топша элементтері.

Скандий, иттрий, лантан, актиний периодтық жүйенің ІІІ негігі топшасын құрайды. Валенттік электрондық деңгейлерінің құрылысы келесідей формуламен өрнектеледі: (n-1)d1ns2,оларға тән тотығу дәрежесі: (+3).Бұл элементтердің салыстырмалы тотығу дәрежесі аса жоғары емес, барлығына металдық қасиет тән. Алтыншы және жетінші периодтарда қасиеті жағынан лантан мен актинийге ұқсас элементтер орналасу керек. Олар периодтық жүйенің астынғы жағында орналасқан: рет сандары 58-71 – лантаноидтар, ал рет саны 90-103 актиноидтар. Лантаноидтар арасында бір радиоактивті элемент прометий (ең ұзақ өмір сүретін изотопының жартылай ыдыраупериоды 18 жыл, ол Pm145). 7- периодтың барлық f- элементтері радиоактивті; торий мен уранның изотоптары жер қыртысында кездеседі; ал қалғандарының изотоптары жасанды жолмен алынған.

Стандартты тотығу – тотықсыздану потенциалы мәні жағынан ІІІ Б топша элементтері сулы ерітінділерінде сілтілік – жер металдарына жақын.

IV Б топша элементтері

Титан, цирконий, гафний және дубний төртінші қосымша топша элементтерін құрайды.

Дубний радиоактивті элемент, ең ұзақ өмір сүретін изотопының жартылай өмір сүру уақыты 65 секунд. Валенттік қабатының жалпы электрондық формуласы: (n-1)d2ns2. Өздеріне тән тотығу дәрежесі (+4).Цирконий мен гафний үшін мұндай тотығу дәрежесі жалғыз, ал титанға (+2), (+3) тотығу дәрежелері тән. Титан, цирконий, гафний қиын балқитын, коррозиялық тұрақты металдар. Титан активті, тотықтырғыш емес қышқылдардан сутегіні ығыстырады. Үш металл да балқытқыш қышқылмен әрекеттеседі:

2Ti + 12HF = 2H3[TiF6]+3H2

Zr + 6HF = H2[ZrF6] +2H2

Бұл элементтердің оксидтері термиялық тұрақты заттар, оларды ерітіндіге тек балқытқыш қышқылмен ауыстыруға болады. Титан, цирконий, гафнийдің ерітіндідегі түзілген катиондары күрделі құрамды және еру жағдайына тәуелді болады. Бұл топ элементтері жоғары тотығу дәрежесінде жақсы комплекс түзушілер.
VБ топша элементтері.

Ванадий, ниобий, танатл жолиоттий периодтық жүйенің бесінші қосымша топшасын құрайды. Жолиоттий радиоактивті элемент, ең ұзақ өмір сүретін изотопының жартылай ыдырау периоды 34 секунд. (n-1)d және ns валенттік қабаттары бұл элементтерде әр қилы электронға толған:

V= [Ar]3d34s2, Nb= [Kr]4d45s1, Ta= [Xe,4f14]5d36s2

Максималь тотығу дәрежесі ниобий мен танатал үшін тұрақты; ал ванадий бірнеше тотығу дәрежесін көрсетеді. Оның ішінде тұрақтысы (+4). Бесінші қосымша топша элементерінің жай заттары - коррозияға тұрақты, қиын балқитын металдар.Олар тотықтырғыш емес қышқылдармен әрекеттеспейді, тек ванадийдің балқытқыш қышқылмен әрекеттесуі болмаса.

2V + 12HF = 2H3 [VF6] + 3H2

Ниобий мен танталды ерітіндіге ауыстыру үшін азот қышқылы мен фтор сутек қышқылы қоспасымен әрекеттестіру керек.

Үш металл да оттегіде жанғанда Э205 жоғары оксидін түзеді.

Ниобий мен танатл құрамы күрделі кластер қосылыстар түзеді.Ниобий мен танталдың және жолиоттийдің жоғары галогенидтері алынған.


VI Б топша элементтері

Хром, молибден, вольфрам периодтық жүйенің алтыншы топшасы элементтерін құрайды. Қазір рет саны 106 жасанды, радиоактивті элемент резерфордий алынды, оның масса саны 263, жартылай ыдырау периоды 0,9 секунд.

Хром мен молибденнің валенттік деңгейі (n-1)d5ns1, ал вольфрамдікі 5d46s2 формуласына жауап береді. Валенттік деңгейінде алты электронның болуы олардың әр түрлі тотығу дәрежесін қамтамасыз етеді. Хромның тотығу дәрежелері: (+2), (+3), (+6).Тұрақты тотығу дәрежесі (+3).

Бос күйінде алтыншы қосымша топша элементтері қиын балқитын металдар. Металдар оттегі атмоферасында жанып Cr203 , MoO3 , WO3 , типті оксидтер түзеді.

Электорхимиялық кернеу қатарында хром сутегіге дейін орналасқан, сондықтан тотықтырғыш емес қышқылдардан сутегіні ығыстырады. Ал тотықтырғыш қышқылдар әсерінен пассивтенеді. Бос металдарды алюминотермия әдісімен немесе сутегімен тотықсыздандырып алады.
VII Б топша элементтері.

Марганец, технеций, рений элементтері периодтық жүйенің жетінші қосымша топшасын құрайды. Технеций радиоактивті элемент, сол сияқты рет саны 107 элемент борийдің ең ұзақ өмір сүретін изотопының масса саны 262, жартылай ыдырау периоды ұзақтығы 0,115 секунд. Технеций тарихта ең алғаш синтезделген элемент, жартылай ыдырау периоды 4,2*106 жыл.

Валенттік электрондық құрылымы (n-1)d5ns2 күйіне сәйкес келеді. Бұл топ элементтерінің жай заттары нағыз металдар. Электро кернеу қатарында марганец сутегіге дейін орналасқан.

Жоғары оксидтерінің формуласы Э207, қышқылдық оксид, оған сәйкес келетін гидроксиді қышқылдық қасиет көрсетеді.


VIII Б топша элементтері

Сегізінші қосымша топшаға үш триада элементтері енеді: 4-ші периодта темір, кобальт, никель(темір туыстығы), 5 периодта рутений, родий, палладий (платина туыстығының жеңіл элементтері), 6 периодта осмий, иридий, платина (платина туыстығы ауыр элементтері). Осылайша бұл топ элементтерінде химиялық қасиеттердің өзгеруінің период ішінде (триаданың көлденең бойында) және тігінен өзгеруі байқалады. Сегізінші қосымша топша элементтерінің қасиеттерін қарастырудың көбірек тиімді жолы, элементтерді темір және платина триадасына бөлу болып табылады. Бұл топ элементтерінің валенттік деңгейлерінде 8-10 электрон болады. Олардың тотығу дәрежелері (+2)-ден (+8) –ге дейінгі аралықта. Бос күйлерінде бұл топша элементтері – сұрғылт, не көгілдір түсті, қиын балқитын металдар. Тотықтырғыш қышқылдар әсерінен темір триадасы металдары пассивтенеді. Ерітіндіге тотықсыздандырғыш емес қышқылдар әсерінен көшіріледі. Платина туыстығы металдары ерітіндіге тотықтырғыш қышқылдар әсерінен өтеді.

Темір триадасы элементтері оттегіде жанғанда Fe304, Co304, NiO типтес оксидтер түзеді. Жақсы комплекс түзушілер.

2.3 Зертханалық жұмыс жоспары



Тақырып аты

сағат

Тапсырма, негізгі және қосымша әдебиет

1

Сутегі

Оттегі

2

«Сутегі», «Оттегі, озон, сутегі пероксиді» зертханалық жұмыстарының мәтінін конспектілеу.

4-7 бет, 26-29 бет (34)


2

р-элементтер VIIА топ,галогендер.

4


«Галогендер жай заттар», «Галогендердің сутекті, оттекті қосылыстары» зертханалық жұмыстары мәтінін конспектілеу. 8-21 бет (34) 

3

р-элементтер VI А топ Халькогендер

4


«Халькогендер-жай заттар», «Халькогендердің сутекті және оттекті қосылыстары» зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу 30-45 бет (34)

4

р-элементтер

VА топ


Пниктогендер

4

«Азот және оның қосылыстар»; «Фосфор және оның қосылыстары»; «мышьяка топшасы элементтері». зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 46-76 бет (34)


5

р-элементтер IV А топ

4


«Көміртегі»,«Кремний», «Германий топшасы элементтерітіл еу» Зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 76-96 бет (34)

6

р-элементтер III А топ

2


«Бор және оның қосылыстары», «Алюминий және оның қосылыстары», « Галлий топшасы элементтері». Зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 110-118 бет (34)

7

1-2 топтың

S-элементтері


2


«Сілтілік металдар», «Бериллий мен магний» тақырыптары бойынша зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 102-109 бет (34)

8

3-5 топтың

d-элементтеріы


2


«Скандий топшасы элементтері», «Титан топшасы элементтері» «Ванадий топшасы элементтері» тақырыптары бойынша зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 129-137 бет. (34)

9

6-7 топ

d-элементтері


2


«Хром топшасы», «Марганец топшасы» элементтері тақырыбын конспектілеу 138-147 бет (34)

10

8 топ

d-элементтері


2


«Темір триадасы» элементтері тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу 148-155 (34)

11

1-2 топ

d-элементтері


2


«Мыс топшасы»,«Мырыш топшасы» элементтері бойынша зертханалық жұмыс мәтінін конспектілеу. 118-129 бет. (34)

12

4f-элементтер 5f-элементтер




1. Рефератты қорғау


<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Пән-нің тақырыптық жоспары оқу жоспарына сай көрсетілген. Прак-тикалық сабақтардың жоспары, СӨЖ, осөЖ тапсырмалары, оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар берілген

316.86kb.

14 12 2014
1 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.