Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6страница 7 ... страница 15страница 16

8 ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ

Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оку сабақтары оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көзделеді: 1) кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағдай жасау.

Өздігінен орындалатын жұмыстың негізгі мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.

Мұғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық керек, ал қан­дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.

Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше кезеңнен тұратын болса, онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.

Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарының. түрлері:



  1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында берілген материалдардың тізімі) таныстыру: оку кітабында қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқығандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеңдер.

  2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мұнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-
    реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.

  3. Жоспар жасау жұмысы: мәтіндерді бөлікке бөлу, қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, мәтінді
    мұғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.

  4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланын, жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.

  5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару, үйге мәтіннің мазмұнын қайта оқып шығу-
    ды бермей, шығармашылық тапсырма беру керек. Мысалы «...туралы айтылған жерлерді табыңдар, мәтінге
    қандай сұрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.

Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс орындату қандай мақсат көздейді?

2. Балалардың өздігінен орындайтын жұмысының түрлері қандай?

3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушыларға өздігінен орындауға қандай жұмыстар беруге болатынын анықтаңыз.

9 ОҚУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЬіҢ ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛ1КТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынаи түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе I, II және III сынып оқушыларына қажет.

Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды.

Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:



Фами-лиясы, аты

Қате саны

Оқу тәсілі

Бір минут-та оқыған сөз саны

Оқығанын түсінеді

Мәнерлі-лік

Баға





әріптеп

буындап үзіп

буындап созып

тұтас сөз









Омаров Асан

3





ИӘ



24

ИӘ

нүктеде пауза жоқ

3

Салменов Серік

1




қиын сөз-

дерді


г




29

ИӘ

нүктеде дауысын бәсеңдет-пейді

3

Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын, шебер­ліктерін есепке алу үшін, бағдарламалық талаптарға орай, аудандық әдістемелік кабинеттің ұсынған формасы пайдаланылады.

II сыныптан бастап іштен оқуға мұқият көңіл аударылады, іштен шапшаң оқу сағат арқылы тексеріледі: оқудың басталу уақыты белгіленеді, балалар оқып болғанда қол көтереді, мұғалім ең асығыс оқушылар мен ең жай оқитындарды белгілейді.

Саналы оқу ауызша және жазуша тапсырмалар ар­қылы тексеріледі. Мәтінді асығыстықтан шала түсінген оқушымен арнайы сабақ өткізіледі.

Оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында барлық оқушының дағдылану дәрежесі тексеріледі. Бүл үшін көлемі қысқа жаңа бір беріледі. Оны дауыстап оқыту арқылы мұғалім оқудың дұрыстығын, орфо-эпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқыға­нын белгілеп отырады. шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді.

Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы мәтін үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі.

Екінші бір жағдайда балалар оқыған мәтіндеріне жоспар жасайды және сол үзіндіге ат қояды. Үзінді бойынша оның бұрын өздері оқыған қандай шығармадан алынғанын айтып беру ұсынылады.

Кейбір оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық (мұндай көріністі «мойны жар бермейді» дейді), буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан (көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т. б. с. с. Мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі.

Мәнерлеп оқи алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі-түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т. б.

Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болу үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дағдыны қандай жолдармен, қалай қалыптастыруға болады? Мұндағы мақсат не?

2. Бір сыныптың екі оқушысының бойында оқу сабақтарында қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасқанын зерттеңіз, өз көздеріңізге түскен кемістіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды жою жолдарын көрсетіңіз.
10 БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ЖҮРГІ3ІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Мәтінді оқу ондағы басты ойды табу, оның мазмұнын ұғыну көркемдік тіл құралдарын талдау, сауатты түрде оқу шеберліктерін арттырумен қатар адамгершілік нормаларына үйренуге де мүмкіндік жасайды.

Оқу сабақтарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлерін қысқаша былайша топтап көрсетуге болады:

«Ана тілі» оқулықтарында В. И. Лениннің өмірі мен қызметі жөнінде көптеген әңгімелер, өлеңдер, мақалалар беріледі. Осы материалдар арқылы балалар үлкен адамгершілікке, қарапайымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына қамқорлық жасауға үйренеді. В.И.Лениннің өмір жолынан үлгі алу тәрбиесі бері­леді.



  1. Оқу кітаптарында адамның қайырымдылығы, оның
    алуан түрлі көріністері талай-талай жағдаяттарда көзге түсіп отырады. Әр түрлі шығармаларды оқу барысында балаларда қайырымды адам жөнінде елес жасалады. Қайырымдылық дегеннің мәнісіне (қайырымды-
    лық — айналадағы адамдарға, жолдастарына, достарына, туыстарына қамқорлық жасау, қиындыққа кездескендерге көмектесу) түсінеді. Оқулықтардан қайырымдылық жөніндегі материалдарды іріктеп, балалар өз қылықтарымен салыстыратындай жағдай жасалады.

  2. Балаларды еңбекті сүюге, оны қадірлеуге және өздерінің қолдарынан келетін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға бағыттайтын материалдар оқу кітаптарын­да мол берілген. Осыған байланысты, олар өздерінің
    бүкілхалықтық іске қатысқандарына өздері баға беріп,
    оны саналы түрде сезінулері керек. Мысалы, «Сен көктемде қандай жүмыстарға қатысасың?», «Сендер құстарды қалай қорғайсыңдар?» т. б. с. с. сұраулар арқылы оларды бағыттауға болады. Балалар да өз ісіне жауап-
    кершілік туғызып, еріктің қасиеттері мен күшін жетілдіре түсуге көмектеседі.

  3. Заттар, құбылыстар жөнінде білім берумен қатар, олардың арасындағы өзара сабақтастықты байқауға
    мүмкіндік жасау, балалардың санасында жанама бейнелердің тууын қамтамасыз етеді, ойлау процесін тәрбиелейді және оның жетіле түсуіне жағдай жасайды.

Жалпы алғанда, тәрбие жұмысы барлық пәндер бойынша, бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.
Практикалық тапсырма:
1. Оқу сабақтарының біреуінде іске асырылатын тәрбие жұмысының конспектісін жасап тапсырыңыз.
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығымен танысыңыз, оларды салыстырыңыз, құрылысы мен мазмұнын байқаңыз және осы бойынша реферат дайындаңыз.

2. Соңғы 2-3 жылғы «Бастауыш м ектеп» журналында оқу сабағын ұйымдастыруға арналып жазылған мақалаларды оқыңыз, оның тізімін жасаңыз.

3. Өлең шығармаларының біреуіне көркемдік ерекшелігін ашатындай талдау жасаңыз және мәнерлеп оқуға дайындалыңыз.

4. Оқулықтардан бір тақырыпты таңдап алып, ол бойынша үйге берілетін нақты тапсырманы белгілеңіз.

5. Оқушылардың бойында оқу сабақтарында қандай-қандай дағдылар мен шеберліктер қалыптасады?

6. Мектепте «Ана тілі» сабақтарына қатысып, оған жан-жақты талдау жасаңыз.

IV т а р а у

ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ

1 ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы — лексико­логия саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика са­ласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырыла­ды. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (аб­стракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.

Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грам­матикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.

Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі пси­хология ғылымының деректеріне сүйенеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде әдістеме балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолда­рын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр.

Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және пси­хология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының қағидаларын басшылыққа алады. Кеңес дидактикасының негізгі қағидалары бойынша оқу мате­риалы оқушылардың ұғымына сай болуы керек.

Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған 6-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім.

Дидактика талабының бірі оқытудың с а н а л ы л ы л ы ғ ы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бі­рі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.

Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай да боламасын бір құбылысына немесе жазу заңдылығына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр бо-лады. Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе есте ұзақ сақталмайды және оны практикада қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ, пайдасы шамалы білім болып қалады.

Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуде олардың зейін қою, ойлау, есте сақтау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын

немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс.

Дидактиканың күрделі бір шарты — мектептегі оқытудың, ж ү й е л і лігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн.

Бастауыш мектептердегі оқытудың жүйелілігі туралы айтқанда оқушылардың әр сыныпта алған білімі келесі сыныпқа дайындық болатындай, яғни оқуды онан әрі жалғастырудың берік негізі болатындай дәрежеге жетуі қажет. Сонда ғана балада алдыңғы сыныпта берілген білім мен қалыптасқан дағды бұзылмай, жетіле беруіне мүмкіндік жасалады.

Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.

Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Грамматиканы үйрету әдістемесі қандай ғылымдармен байланысты?

2. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қандай талаптар қойылады?

3. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болады?

4. Грамматика сабақтарында берілген ережелер мен ұғымдарға оқушылардың саналы түсінгендігіне бақылау жүргізіңіз.

2 ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ
Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі – грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грам­матика курсының алға қоятын ең басты мақсаты — оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастау­ыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бас­тауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мек­тептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады.

Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.

Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.

Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушы­лар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.

Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы байқалады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндеті қандай?

2. Бастауыш мектеп бағдарламасының «Қазақ тілі» бөлімін оқыңыз. Онда әр сыныпта грамматикадан берілетін білім көлемі мен мазмұнын анықтаңдар.

3. Бағдарламаның «Түсінік хатын» оқыңыз, онда грамматика сабақтарының қандай-қандай міндеттері мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленгенін айтыңыз.

3 ГРАММАТИКА МЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Партиямыздың Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:


  1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.

  2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.

  3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.

  4. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.

Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынандай әдістер қолданылады:

    1. мұғалімнің хабарлауы,

    2. оқушылармен әңгімелесі,

    3. оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.

Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардыңжақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.

Материалдарды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысалы. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың, өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3—5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі — «эврика» — таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз

немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т. б.) табу керек.

Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық жағдаяттар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбиесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы — олардың| түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді.
Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындалғанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II сыныпта 5—10 минут, III сыныпта —10—15 минут, IV сыныпта 15—20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.

Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті мате­риалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.

Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздік­терінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу—мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылар­дың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалар­дың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар талдау жасаса, екіншіде оны жинақтайды. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық талдау жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып, жинақтайды.

Жинақтау балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.

Әдетте талдау немесе жинақтау бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе керісінше т.с.с.). Міне, мұнда талдау да, жинақтау да қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.

Талдау мен жинақтауда әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (де­дуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тпвтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.

Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.

Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іскс асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, кар­тина, таблица,, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын талдауда схемалар, сөз табы мен онын, жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.


Сұрақатар:

1. Бастауыш мектептегі қолданылатын оқыту әдістері қандай?

2. Эвристикалық, проблемалық әдістерді қалай түсінесіз?

3. Аналитикалық-синтетикалық әдіспен үйрету деген не? Грамматикадан бір тақырыпты алып, осы әдіспен оны қалай үйретер едіңіз? Айтып беріңіз.

4. Индукция, дедукция деген не, олар грамматикада қалай қолданылады?


<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді

3248.32kb.

25 12 2014
16 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.73kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.7kb.

15 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына

57.69kb.

23 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы

В020500-«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Қазақ халық ауыз әдебиеті»

313.1kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақ тілін халықаралық мектепте «екінші тіл» ретінде оқыту мәселелері Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінің бір көрінісі – «Н. Назарбаев Білім қоры»

Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе

102.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған

94.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетінен арнаулы курс» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

76.48kb.

25 12 2014
1 стр.