Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 4страница 5страница 6страница 7страница 8 ... страница 15страница 16

4 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатын­дай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді — осылар ашып көрсетілуге тиіс.

Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады.

Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай бөлшектерден тұратынын көрсеткен жөн:

1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).

2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.).

3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатьш қосымшаны жалғау дейміз т. с. с).

4. Анықтамаларда әрбір категорияньң негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т. б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.

Формалық белгілерді жинақтап, топтап (синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфоло­гиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға ту­ра келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл — сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал бас­қа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.

Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау ба­рысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымынын, айқындала түсуіне мүмкіндік береді.

Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:

1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.



  1. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе
    сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.

  2. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.

  3. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді (мысалы, III сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім т. б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырым-дауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырма мен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқулықтарда грамматикалық ережелер қалай берілген? Бұл сұраққа жауап беру үшін III-IV сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығындағы ережелермен танысыңыз.

2. Грамматикалық материалдар қалай пайдаланылады?

3. Бір сөз табының анықтамасын мысалға келтіріп, қандай бөліктерден тұратынына талдау жасаңыз.

4. Бір категория бойынша қандай түсінік берер едіңіз, мысалмен дәлелдеп айтып беріңіз.

5. Оқушылар материалды саналы түсіну үшін мұғалім қандай талаптар қояды?

5 ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз талдау-жинақтау жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді.

Грамматиқалық жаттығулар, оқушылардың, қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з» сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.

Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты — ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады:

1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар,

2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі — түбір, жұрнақ, жалғау — бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын ту-дырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен не­гізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысын­да мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жатты­ғулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Баланың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер, күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті — сол тә­жірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», — деген болатын.

Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әр­бір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) текстен керекті сөздерді тапқызу, 2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру, 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату, 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грам­матикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту, 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық, барын салыстыру арқылы анықтау, 6) ұқсас сөздерді топтату, 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.

Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттьіғуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:



  1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

  2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.

  3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

  4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

  5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.

  6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жат­тығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.

  7. Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.

  8. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

  9. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан анналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық
    талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу т. б.

  10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады (яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша сөздерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба алу).

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқушыларға грамматикадан саналы білім беріп, қажетті дағды қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы қандай?

2. Жаттығудың қандай түрлері бар?

3. Жаттығудың әр түріне сипаттама беріңіз.

4. Жаттығу жұмыстарына қандай талаптар қойылады?

5. Жаттығу кездейсоқ болмай, жүйелі орындатылуы керек дегенді қалай түсінесіз?
6 ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматика­лық талау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.

Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі граммати­калық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазба­ша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т. б.

Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас тал­дау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.

Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажы­ратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.

Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазбаша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.

Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады: 1. Сөздің бір формасын теріп жазадыі не астын сызып қояды, немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің астын екі сызып көрсетеді. (Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған түсті қарындаш қолданған қолайлы. 2. Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімдерді, сонан кейін сын есімдерді т. с. с. теріп жазады. 3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады. Мысалы, Балалар өзеннің жағасына келді сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді тапқызуға тиіс болса:

Сөз табы

Сөйлем

мүшесі


Сұраулары

Жекеше, көпше

Септік

балалар өзеннің жағасына

бастауыш толықтауыш

кімдер қайда

көпше жекеше жекеше

атау септік ілік септік барыс септік

4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанаға жазады да әрқайсысының тұсына формасын жазады не­месе сөйлемдегі сөздерді схема бойынша жазады. Мысалы, Біздер қалаға машинамен тез жеттік деген сөйлемді балалар былайша жазады: біздер — жіктеу есімдігі, I жақ, көпше, бастауыш. Қалаға — зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Машинамен — зат есім, жалпы есім, жекеше, көмектес септік, толық­тауыш. Тез — үстеу, пысықтауыш. Жеттік — етістік, өткен шақ, 1 жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша:

Сөздер

Сөйлем мүшесі

Сөз

табы


Сұрауы

Жекеше, көпше

септік

шағы

жағы

Біздер

бастауыш

есімдік

кімдер?

көпше

атау

-

_

қалаға

толықт.

зат есім

қайда?

жеке

барыс





машина-

пысықт.

үстеу

немен

ше

кемек-





мен







қалай?




тес





тез

баянд.

етіст.

не істе-







өткен

1 жақ

жеттік







дік?







шақ




Сөздердің морфологиялық құрамы жай бөлшекпен көрсетілуі де мүмкін. Мысалы, Біз-дер, қала-ға т. б. немесе схемамен көрсетіледі.

Сөз

Түбір

Жалғау

Жұрнақ

біздер қалаға

біз қала

дер

ға





Синтаксистік талдау да балалар оқу-жазуға үйренгеннен кейін-ақ басталады. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) анықталады. Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.

Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді теріп жазады, сөйлемнің бір түрін басқа түрге айналдырады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді. Мысалы, өрік, алма, жидек пісті. Райхан үйді жинады, сыпырды.

Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай, тақырыптың сипатына сай, талдау аралас та қолданыла береді. Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір, сонан соң, қосымша, оның ішінде жұрнақтары мен жалғаулары анықталады. Ал сөз табы жағынан сөйлемдегі сөздер бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін ретімен талданады. Сөйлем мүшелеріне қарай талданған әуелі тұрлаулы мүшелер (баяндауыш, бастауыш), олардың сұраулары, сонан кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мү­шелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн, мысалы; құстар жылы жаққа ұшып кетті дегенде, құстар ұшып кетті — сөйлем, ал жы­лы жаққа — сөз тіркесі болады.

Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер құрылысы жағынан да, мүшелерінің (сөздерінің) формасы жағынан да әр сыныпта бағдарламаға сай болуы қажет.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Грамматикалық талдаудың түрлері қандай?

2. Грамматикалық талдаудың әрқайсысына сипаттама беріңіз.

3. Граммматикалық талдауға қандай талаптар қойылады?

4. Схемаларды пайдаланып, түрлі талдау жүргізіңіз.

5. Бағдарлама бойынша III-IV сыныптарда сөз табы, сөз құрамы жағынан талдау жүргізетін материалдар дайындаңыз.

6. Белгілі бір мәтін бойынша ішінара және толық талдау жасап көрсетіңіз.

7 ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ана тілінен сыныпта білім мен дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ен негізгі түрі сабақ болып есептеледі.

Кеңес педагогикасының үйретуі бойынша және көрнекті педагогтердің зерттеуінше, сабақтың алуан түр­лері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім мен дағды және шеберлік кеңес педагогтері қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардын, білімін бскіту сабағы, 3) оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың, білімін, дағдысын және шеберліктерін есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.

Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Қазақ тілі сабағыньщ қай-қайсысында болмасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі б і р і к к е н сабақ деп аталады. Сабақтын кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғандықтан, аз-кем тоқталып өтелік:



  1. біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді;

  2. мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді;

  3. сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан-жақты толық дайындалады;

4) сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады. Біріккен сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жүмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардың білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бүл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабақ сайын қолданыла бермейді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп саналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне қарай, әр сабаққа пайдаланылады.

Сабақтың үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар (мұғалімнің сұрауы бойынша) тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта, үйде істеген жүмыстарының нәтижесін ғана емес, сол нәтижеге қалай жеткендерін (қалай меңгергендерін) көрсетеді. Жаттығуларын талдайды, қателері түзетіледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: «Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу». Мақсаты бір буынды сөздерді көп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету.

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды т. б. Мысалы, I сыныпта «Әліппедегі» суреттерді көрсетіп, жемістердің атын ататады. «Қарақат» сөзін буынға бөлгізеді, онда үш буын бар екені анықталған соң, әр буын сұралады, әр буын­ды кірістіріп сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, қарақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында «Біздің бақта» мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақат та бар. Қара қарақат та бар. Қарақат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).

Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.

Үйге тапсырманы балалар дәптерлеріне жазып алуға тиіс («Оқушы» сөзін септеу).

Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше түрге енеді, 2) мұнда оған бір­неше сұрақ қойылады, 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттық қасиетінен айырылмайды, 4) олар зат­тың атын білдіреді, 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? деген сұраулар қойылады деген сияқты тұрғыда тұжырым жасайды.

Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын мұғалім толық және і ш і н а р а тексеруі мүмкін. Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағандарына тү-сінік беріп шықса, толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса, ішінара тексеру іске асады. Сонымен қатар тек­серу жалпы және жеке де болады. Алғашқысында оқу-шылардан түгел сұралады. Ал жеке тексеруде оқушы мұғалімге дәптерін береді. Мұғалім оның ішінен бір сөзді немесе сөйлемді таңдап алады да, оқушыға жаздырады, талдатады т. б.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әсіресе әңгіме әдісі пайдалырақ. Әңгімелесу барысында сұрақ-жауап қолда-нылады. Қойылған сұрақтарға қарай, балалар кітаптағы ережені оқымас бұрын өздері қорытынды шығаруға талаптанатындай жағдай жасалады. Мысалы, «Заттың сынын білдіретін сөздер» тақырыбын етпес бұрын оқу­шылар өздері заттың атын білдіретін бірнеше сөз ойлан, тауып жазады: үй, класс, тақта, қар т. б. Сонан кейін қандай сұрағына жауап беретін қосымша сөздер ойлап табады: Класс қандай? Класс жарық т. с. с.

Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты қөзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: «Ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болды?» деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтыпдықтарын сұрауға да болады.

Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл — мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген белімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін. Мысалы, қейбір сабақтарда жаңа материал түсіндірілмесе, кейбіреулерінде үй тапсырмасы тексерілмеуі мүмкін.

Сирек болғанымен сабақ кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру с а б а ғ ы болады. Сабақтың бүл түрінде мүғалімнің назары негізінен материалды оқушылар санасына жеткізуге аударылады да, уақыттың дені соған арналады. Жаңа материалдың өткен материалмен байланысы са­бақтың басында, сыныпқа жалпылай қойылған сұрауларға жауап алу арқылы яки мұғалімнің кіріспе әңгімесі арқылы не болмаса жаңа материалды түсіндіру процесінде өткен материалдармен салыстыру арқылы іске асырылады. Өткен материал мен жаңа материалды байланыстыру кезінде мұғалім оқушылардың ықыласы мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге дайындық, жасайды.

Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, тү­сіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т. с. с. әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің, қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты.

Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін сыныпқа сұраулар қоюға немесе бір-екі сөйлемді талдатуға болады. Үйге берілетін тапсырма да шағын, шығармашылық сипатта болу керек.

Жаңа материалды түсіндіру сабағы белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға бөлшектемей, тұтас білім бе­ру керек болған жағдайда өткізіледі.

Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімін жетілдіру мен дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады, өткен материалдан нашар ұғынған жерлер анықталады.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын ес к е а л у сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан, оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылар алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Балалар түрлі жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті нысанды табады, мысалдар келтіреді, талдаулар жасайды, диктант, мазмұндама, шығарма жазады.

Сабақтың қай түрі болмасын, барлығында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс:



  1. Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар. Оны қалай
    табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да қоюға болады. Сабақтың
    соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу не үшін керектігі анықталады. Егер оқушылар
    ана тілінен алатын білім мен дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе, жұмысты ынталана
    орындайды.

  2. Материалды түсіндіруде жаңа материал өтілген материалдармен байланысты және оған негізделіп келуі
    шарт; білімдік, тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру,
    өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығарту, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолданы-
    луы қажет.

  3. Жаттығудың формасы мен түрлері мейлінше түрлендіріліп отырылуға тиіс (сан алуан грамматикалық
    жұмыстар, көшіру, диктанттар, сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма т. б.).

  4. Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын тексеру кезінде болсын, жаңа материалды
    түсіндірудің алдында болсын, түрлі жаттығулар арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар
    қайта жаңғырығады, беки түседі. Оқу жылының басында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяқтағанда, жоғарыда көрсетілгендей, тұтас сабақ — өтілген материалды қайталауға арналады.

  1. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады,
    түрлі керекті жабдықтар дайындалады. (Мұғалімнің түсіндірмесі қысқа, анық, қонымды тартымды болуы керек. Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар қайта-қайта сұрап, бір-бірінің зейінін бөлмейтіндей болғаны
    жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың
    ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн.

  2. Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема, дидак­тикалық материал, суреттер, заттар т. б. түрлі көрнекі
    құралдар кең қолданылады.

  3. Балалардың барлығына бірдей талап қоймай, жеке ерекшеліктерін есепке алып, нашар үлгіретіндерге
    ерекше көңіл бөліп отыруды қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер таңдалуы қажет.

Шағын кешенді мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашқы күннен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға үйретуі тиіс. Ол үшін мына сияқты жұмыс түрлері ұтымды болады:

  1. түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды көшіру,

  2. жазбаша талдау жасау,

  3. сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып жазу,

  4. мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тауып жазу,

  5. мәтінді бөлімге бөлу, жоспар жасау,

  6. қатемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша). Сабақтың соңында балалардың тапсырманы
    қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сабақтың қандай түрлері болады? Олардың әр түрін сипаттап беріңіз.

2. Біріккен сабақ дегеніміз қандай сабақ?

3. Әр сабақтың түріне жоспар жасаңыз.

4. Сабаққа қандай дидактикалық талаптар қойылады?

5. Осы талаптарды басшылыққа алып, грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша өтілетін бір сабаққа талдау жасаңыз.

6. Шағын кешенді мектепте өтілетін сабақтардың ерекшеліктері қандай?


<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді

3248.32kb.

25 12 2014
16 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.73kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
912.7kb.

15 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына

57.69kb.

23 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы

В020500-«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Қазақ халық ауыз әдебиеті»

313.1kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақ тілін халықаралық мектепте «екінші тіл» ретінде оқыту мәселелері Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінің бір көрінісі – «Н. Назарбаев Білім қоры»

Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе

102.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған

94.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Қазақ әдебиетінен арнаулы курс» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

76.48kb.

25 12 2014
1 стр.